Кеуде, көкірек

  Ағза

Кеуде қуысы

Адам денесінің жоғарғы бөлігі кеуде не көкірек деп аталады. Ол кеуде қуысынан, сондай-ақ оны толтырып және жауып тұратын мүшелер мен тіндерден тұрады. Кеуде қуысы артқы жағынан омыртқамен, бүйірінен және алдыңғы жағынан қабырғамен бітісіп жатады.

Кеуде қуысында өкпе, жүрек және үлкен қан тамырлары орна ласады, оның жоғарғы жағынан төмен қарай өңеш өтеді. Төменгі бөлігінде оны құрсақ қуысынан бөліп тұратын көкет орналасқан.

Көкет қабырға аралық бұлшық еттермен бірігіп, тыныс алуды қамтамасыз етеді. Кеуде қуысы сырт жағынан бұлшық еттермен, тері асты шелімен және терімен жабылған. Әйелдерде кеуденің алдыңғы жағында сүт бездері анық көрінеді.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Көкет, диафрагма дегеніміз не?

Мойын, көмей және кеңірдектің ағзадағы қызметі.

Тыныс алу туралы не білесіз?

Адамның терісі туралы не білеміз?

Пікір қалдырыңыз