Кіндік және іш

  Ағза

Кіндік және іш

Кіндік — кіндік баудың қалдығы. Кіндік бау іштегі ұрықты анасының денесімен жалғастырып жатады. Кіндік баудағы қан тамырлары арқылы, ұрық жатырдағы бала жолдасы — плацентадан қоректік заттар мен оттекті алады.

Іштегі ұрықтың қан айналымын “плацентарлы” деп атайды. Себебі, олардың жаңа туған нәрестенің қан айналымынан ерекшелігі — ұрық қанының оттекпен қанығуы өкпеде емес, плацентада жүреді.

Іш немесе құрсақ

Егер ішіміз ауырып, дәрігерге барсақ, ол аурудың себебін анықтау үшін ішті қолымен басып қарайды, саусақпен соғады және тыңдайды. 

Адамдар бір сөзбен ғана “іш” дей саламыз, шынын айтсақ құрсақ қуысында ағзаның маңызды мүшелері — асқазан, ішек, бауыр, ұйқы безі және тағы да басқалары орналасады.

Одан басқа, іште зәр шығару жүйесі, әр түрлі тамырлар мен жүйкелер орналасады, сондықтан адамның іші ауырғанда, қай мүшенің ауырып тұрғанын анықтау оңай емес.

Құрсақ қуысы түгелдей және оған жақын жатқан мүшелер ерекше қабық — іш пердесімен жабылған. Құрсақ қуысындағы мүшелер адам көзіне көрінбегенмен, өте тәжірибелі дәрігер, қолымен басып қарап-ақ, ондағы құпияны ашып бере алады.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Ішек дегеніміз не және оның атқаратын қызметі.

Ас Қорыту Жүйесі Дегеніміз Не?

Тіршілік немесе өмір қалай пайда болды?

Туу яғни босану процесі қалай болады.

Пікір қалдырыңыз