Көкбауыр, талақ

  Ағза

Көкбауыр, талақ

Құрсақ қуысының сол жағында, көкетпен астарлай жатқан, пішіні алып кофе дәні сияқты мүшені — көкбауыр (1) немесе талақ деп атайды. Көкбауырдың ішінде пішіні аяқ сияқты қан тамыр оны асқазан (2) және ұйқы безінің (3) қан тамырларымен жалғастырады. Көкбауырдың тінінде қызыл және ақ түсті ми тәрізді заттар (оның кәдімгі адамның миына қатысы жоқ) болады.

Дәрігерлер көкбауырды “эритроциттердің моласы” деп атайды. Өйткені, көкбауырдың қызыл түсті ми тәрізді затында қанның қызыл түйіршіктері (эритроциттер) мен қан ұюына керекті қан талшықтары (тром- боциттер) ыдырайды. Олардың тіршілік ету мерзімі 100 күннен аспайды. Көкбауырдың лимфа тіндерінен тұратын ақ түсті ми тәрізді заттарында қанның ақ түйіршіктері түзіледі.

Мұндай қан түйіршіктері ағзаны жұқпалы аурудан (инфекциядан) қорғайды. Көк- Көкбауырдың орналасуы бауырдың кейбір ауруларында оны хирургиялық операция жасап алып тастайды. Адам көкбауырсыз өмір сүре береді, оның қызметін ағзада басқа мүшелер атқарады.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Лейкоз немесе ақ қан ауруының белгілерімен сипаттамасы.

Ісік қалай пайда болады және оның түрлері.

Қан кету нешеге бөлінеді және оның сипаттамасы.

Гангрена қалай және үшін пайда болады?

Пікір қалдырыңыз