Көкет

  Ағза

Көкеттің орналасуы

Көкет адамның кеуде қуысын құрсақ қуысынан бөліп тұрады. Бұл пішіні күмбез тәрізді жұқа және өте жалпақ келген бұлшық ет. Көкеттің бірнеше жерінде тесіктер бар, солар арқылы қан тамырлары, жүйкелер және өңеш өтеді. Көкет “ағзадағы өмір бойы тоқтамай жұмыс істейтін бұлшық ет” деп саналады және ол тыныс алу процесіне қатысады.

Көкет жиырылғанда, өкпенің көлемі ұлғайып, адам ауаны жұтады. Мұны — дем алу дейді. Ал көкет босаңсығанда, өкпе кішірейіп, жұтқан ауа сыртқа шығады. Мұны — дем шығару деп атайды. Осы уақытта өкпе қан тамырлары арқылы ағып өтетін қан оттекке қанығып, көмір қышқыл газын бөліп шығарады. Көкеттің жиырылуы мен босаңсуы минутына 10-20 рет қайталанады. Ауыр жұмыс жасаған кезде бұл көрсеткіш бірнеше есеге көбейеді.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Тыныс алу туралы не білесіз?

Адам денесінің жоғарғы кеуде бөлігі көкрек туралы.

Өкпе және оның артериясы туралы біз не білеміз ?

Бронх демікпесінің (бронхиальная астма) сипаттамасы.

Пікір қалдырыңыз