Қылтамыр

  Ағза

қылтамыр немесе капилляр

Адам ағзасындағы ең жіңішке қан тамырлары қылтамыр немесе капилляр деп аталады. Қылтамырлар адамның бір тал шашынан 50 есе жіңішке, оның қалыңдығы 0,007 миллиметрдей.

Сондықтан оларды тек микроскоптың көмегімен көруге болады. Оның қабырғаларының жұқалығы сондай, еріген заттар тіндерге, одан клеткаға оңай өтіп кетеді.

Қылтамырларды ағзадағы барлық тіндердің құрамынан кездестіруге болады. Ағзадағы қоректік өзек сияқты, олар мүшелер мен тіндердің құрамына оңай өтіп кетеді. Адам денесінде қылтамырлардың саны өте көп.

Олай дейтініміз, бір артерияның өзінен 50 миллион қылтамыр тарайды. Ересек адамның денесінде орташа есеппен 100 000 километрдей қылтамыр болады. Қылтамырды италияндық ғалым Марчелло Мальпиги ашқан.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Дәнекер тіндері дегеніміз не?

Қан туралы жинақталған толық ақпаратты оқыңыз!

Артерия жайлы түсінік

Лимфа дегеніміз не және оның адам ағзасындағы қызметі.

Пікір қалдырыңыз