Лимфа

  Ағза

лимфа

Біздің ағзамызда қаннан басқа, маңызды қызмет атқаратын тағы бір сұйықтық бар, ол — лимфа. Адам денесінде оның мөлшері қанмен салыстырғанда төрт еседей артық. Ересек адамда оның түсі сәл сарғыштау, жаңа туған нәрестеде — сүт түстес ақ сұйықтық, лимфа тамырлары арқылы ағады.

Адамның барлық денесі, оның әрбір мүшесі және тіндері лимфа тамырларының ішіне еніп жатады. Лимфаның жалпы ұзындьпы 70 000 километрден асады. Оның меншікті салмағы 1,017—1,026 грамм/куб сантиметр. Қан сияқты, лимфа да тіндерді қоректік заттармен қамтамасыз етеді және ағзадан артық өнімдерді шығарып, тіндерді зиянды заттардан тазартады.

Ағзаның инфек- циямен күресуіңде лимфа жүйесінің алатын орны ерекше. Адамның бүкіл денесінде лимфа тамырларын бойлай, көлемі аса үлкен емес, пішіні бұршаққа ұқсас түйіндер орналасады.

Мұны лимфа түйіндері деп атайды. Олардың кейбіреулерін тері астынан қолмен басып та сезуге болады. Мысалы, төменгі жақ сүйегінің астынан, мойыннан, қолтық астынан және шап қатпар- ларынан. Лимфа түйіңдеріне бактериялар мен тіннің тіршілігін жойған бөліктері барып тұнады. Егер лимфа түйіндеріне өте көп бактерия түсіп, онымен лимфа түйіндері күресе алмайтын жағдай туса, онда сол жерде лимфаның қабынуы басталады.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Адамның тізесі туралы қызықты ақпарат.

Шықшыт безі дегеніміз не?

Қалқанша безінің ағзада атқаратын қызметі.

Ағзадағы тіндер туралы не білесіз?

Пікір қалдырыңыз