Мұрын

  Ағза

Тыныс алу жүйесі

Мұрын адамға тек сәндік немесе әр түрлі иістерді ажырату үшін ғана берілген жоқ. Мұрын — тыныс алу жүйесінің маңызды бір бөлігі. Ол адам дем алғанда ауаны жылытады, ылғалдандырады және тазартады. Ауа мұрынға сыртқы екі саңылау — танау арқылы өтеді. Егер суық ауа бірден біздің өкпеміз бен кеңірдекшеге (бронх) түссе, онда адамның тыныс алу жолдарына суық тиген болар еді.

Егер даладағы температура — 10 °С болса, адам дем алғанда, ауа мұрын ішінде 13-15 °С-қа дейін жылып, көмей, кеңірдекше және өкпеден өткенде, олар үшін суық болмайды. Мұрынның шырышты қабығында толып жатқан ұсақ кірпікті талшықтарды көресің. Сырттан мұрынға кірген шаң-тозаң сол кірпікті талшықтарда тұнып қалады да, өкпеге тазарған ауа барады.

Мұрын қуысының құрылымы өте күрделі. Мұрын қуысын перде екі бөлікке бөледі. Мұрын қуысының бүйір жиегімен жіңішке иілген сүйектер — мұрын қалқаны шығып тұрады. Олардың арасындағы кеңістікті мұрын жолдары деп атайды. Мұрынның шырышты қабығы жиі қабынады, ол кезде мұрыннан өте көп қоймалжың зат бөлінеді. Мұны мұрын бітелу деп атайды.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Мұрын бітудің себеп салдары негізгі белгілері.

Ауыз құрлымы туралы түсінік.

Түшкіру рефлексі ағзадағы қандай жағдайды білдіреді?

Сірлі қабық дегеніміз не?

Пікір қалдырыңыз