Нуклеотидтер

  Ағза

Нуклеотидтер формуласы

Дезоксирибонуклеин қышқылының (ДНҚ) молекуласы химиялық қосылыстардан түзілген, екі ұзын тізбектерден — нуклеотидтерден тұрады. Нуклеотидтердің төрт түрі бар, олар бір-бірінен құрамындағы азот негіздеріне байланысты ажыратылады. Мұндай азот негіздері де төртеу — аденин (А), гуанин (Г), тимин (Т) және цитозин (Ц).

Нуклеотидтердің тізбектері, біреуі екіншісінің қасында бұралып жатқан, спираль тәрізді. Бұл ДНК-ның молекуласына бұрандалы басқыш тәрізді сипат береді. Олардың орналасу заңдылығы бойынша нуклеотидтердің өз жұптары бар. Мысалы, А—Т (аденин—тимин) немесе Г—Ц (гуанин—цитозин) жұптары. Нуклеотидтердің бір тізбектегі бір ізділігі қайталанбайды, өйткені бұл — тұқым қуу белгілерінің шифрланған мәліметтерінің коды.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Тұқым қуалау дегеніміз не және бұл заңды кім ашты?

Белоктар жайлы не білеміз.

Дәнекер тіндері дегеніміз не?

Тұқым қуалайтын аурулардың белгілері мен түрлері.

Пікір қалдырыңыз