Омыртқа бағанасы

  Ағза

Омыртқа құрлысы

Омыртқа бағанасы сырт көзге, бір-бірімен байланысқан омыртқалардан құралған сүйек бағанасы тәрізді көрінеді. Омыртқа жотасы адамның денесін бұруға, еңкеюге және иілуге мүмкіндік жасайды.

Омыртқа бағанасының арқасында біз денемізді тік ұстай аламыз. Омыртқа жотасында 33 омыртқа болады, олар: жеті мойын, он екі кеуде (оған қабырға қосылады), бес бел, бес сегізкөз (бір- бірімен бірігіп өсіп бір сегізкөз сүйегін құрайды), төрт құйымшақ омыртқалары. Омыртқалардың арасында шеміршекті созылмалы омыртқааралық дискілер орналасқан.

Осы дискілердің арқасында омыртқа бағанасы қозғалмалы болып келеді. Омыртқа жотасы арқылы ерекше өзек (канал), ал оның ішінен жұлын өтеді. Сынып немесе шығып кеткен омыртқа жұлынды зақымдаса, ол адамды сал (паралич) ауруына алып келеді.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Бүкірлік қалай пайда болады?

Жұлын және оның сұйықтығы жайлы не білеміз.

Аяқ қол туралы медициналық түсінік

Қаңқа немесе скелет дегеніміз не?

Пікір қалдырыңыз