Өңеш

  Ағза

өңеш (пищевод)

Ауыздағы ұсақталған тамақ жұтқыншақ пен өңеш арқылы асқазанға түседі. Өңеш — сақиналы бұлшық ет пен кілегейлі қабықтан тұратын түтікше. Ол жұтқыншақтан басталып, мойынның ішінен кеуде қуысына түседі. Одан кейін көкеттің саңылауынан өтіп, асқазанға келіп тіреледі. Сонымен өңешті адамның ас қорыту жүйесінің ауыз қуысы мен жұтқыншақты асқазанмен жалғастырып тұратын бөлімі деп білеміз. Ересек адамда оның ұзындығы 25 сантиметрдей.

Тамақты жұтқан кезде өңештің сақиналы бұлшық еттері толқын тәрізді жиырылып, тамақты асқазанға қарай итереді. Егер адам тамақты құрғақтай, асығып жесе және оны жақсы шайнамаса, тамақ өңештен өткенде, адам қиналып, ауырсынады. Сондықтан тамақты жақсылап шайнап, асықпай ішу керек. “Толық шайналған тамақ жартылай қорытылады” деген ұғым осыдан шыққан.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Жұтқыншақ жайлы не білесіз?

Мойын, көмей және кеңірдектің ағзадағы қызметі.

Ас Қорыту Жүйесі Дегеніміз Не?

Құсу кезіндегі алғашқы көмек қандай болу керек?

Пікір қалдырыңыз