Орталық жүйке жүйесі

  Ағза

Орталық жүйке жүйесі

Табиғатта және қоғамда белгілі бір заңдылықтар болады. Адам денесіндегі мүшелер мен жүйелер де өздерінің тіршілік ету барысында белгілі бір табиғи заңдылықтарға бағынады. Міне осы бағынуды жүйке жүйесі басқарып, ал орталық жүйке жүйесі соның ең бір негізгі бөлігі болып саналады. Ол ми (онда 12 жұп ми жүйкелері бар) және жұлыннан (онда 31 жұп жұлын жүйкелері болады) тұрады.

Жұлын мен мида негізінен жүйке клеткалары-нейрондар орналасып, олардың сұр затын түзеді. Ал жұлын мен мидың ақ заты осы нейрондардың аксондарының шоғырлануынан пайда болады. Ақ түстің болуы оларда миелиннің (жүйке талшықтарының ұлпасы) бар екенін көрсетеді. Миға ағзадан және оны қоршаған ортадан импульс мәліметтері келеді.

Орталық жүйке жүйесінде әуелі осы импульс мәліметтері өңделіп, одан кейін жүйке орталықтары “бұйрықты” біздің денеміздегі орындаушы мүшелерге жібереді. Барлық импульс мәліметтерін миға жеткізетін де, мидан әкететін де — жүйке талшықтары. Жүйкелер адам ағзасында қалың тор құрып, ол біздің денеміздің мүшелері мен оның бөліктерінің, сондай-ақ олардың сыртқы ортамен байланысын қамтамасыз етеді.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Жүйке жүйесі және оның клеткасы туралы ақпарат.

Жұлын және оның сұйықтығы жайлы не білеміз.

Қимыл қозғалыс аппараты дегеніміз не?

Адамның тітіркенгіштік қасиеті туралы не білесіз?

Пікір қалдырыңыз