Өт дегеніміз не?

  Ағза

өт шығарғыш өзек

Өт — сарғыш-қоңыр, дәмі ашқылтым, қою сұйықтық. Өт бауырда түзіліп, одан кейін өт шығарғыш өзек арқылы өт қабына келіп құйылады. Өт қабынан, егер ағза қажет етсе, ең негізгі өт шығарғыш өзек — он екі елі ішекке келіп құйылады. Ас қорыту кезінде өттің атқаратын қызметі үлкен. Ол қоректік заттардың құрамындағы майларды ыдыратады.

Өттің әсерінен, ферменттердің қатысуымен, майлар қоректік заттардың құрамынан өте майда тамшылар түрінде бөлініп шығады. Бауырда тәулігіне 0,5-тен 2 литрге дейін өт бөлінеді. Бауырдан бөлінген өтпен бірге ағзаға қажеті жоқ және зиянды химиялық заттар сыртқа шығады.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Ас Қорыту Жүйесі Дегеніміз Не?

Ағзадағы Майлардың Атқаратын Қызметі.

Адам денесінде қанша түрлі ферменттердің бар екенін білесіз бе?

Минералды заттардың адам денсаулығына маңызы қандай?

Пікір қалдырыңыз