Оттек

  Ағза

ағзадағы оттек

Ұшқыштар өте жоғары биіктікте ұшқанда және альпинистер таудың биік шыңына көтерілгенде ішінде оттек бар құралдарды пайдаланады. Себебі, өте жоғары биіктікте ауаның тығыздығы азайып, оттектің жетіспеушілігі байқалады. Адам оттексіз үш минут та өмір сүре алмайды. Жер бетінде сау адамның дем алуы үшін қанша оттек қажет болса, сонша оттек бар.

Адам құрамында оттек бар ауаны жұтқанда, ол әуелі өкпеге барады, содан соң қанға өтеді. Егер оттек болмаса, көптеген клеткаларда зат алмасу процесі жүрмейді. Қалыпты жағдайда адам денесі тәулігіне 500 литрге жуық, ал жұмыс жасағанда — 1500 литрдей оттек жұмсайды. Ішке жұтатын ауаның бестен бір бөлігі оттектен тұрады.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Тыныс алу туралы не білесіз?

Дене температурасы, қуат және оның өлшем бірлігі.

Бездер жайлы біз не білеміз?

Мұрынның қызметі туралы не білеміз?

Пікір қалдырыңыз