Рефлекс

  Ағза

адам бойындағы рефлекстер

Жүйке жүйесінің бүкіл жұмысы — ағзаның өзінен, соңдай-ақ, сыртқы ортадан келген тітіркендіргіштерге қайтарған жауабына негізделген. Ағзаның осындай қайтаратын жауабы рефлекс деп аталады. Адамдардың қимыл- әрекеті — осы өте күрделі рефлекстердің, жүздеген және мыңдаған әр түрлі байланыстарының қорытындысы. Рефлексті жан-жақты толық зерттеген атақты орыс ғалымы И.П.Павлов. Ол туғаннан пайда болатын шартсыз рефлексті ашты.

Бұған адамның терең ойланбай жасаған қимыл-әрекеті жатады. Мысалы, көзге бір нәрсе түсіп кетсе, адамның еркінен тыс көзің жыпылықтап, тоқтамай жас ағуы, байқамай қолыңды күйдіріп алған кезде, қолды жұлып алу, т.б. Бұдан басқа И.П.Павлов рефлекстің екінші түрі — шартты рефлексті ашты. Бұл адамның қанша уақыт өмір сұрсе, сонша уақыт сыртқы ортаның әсеріне бейімделуі. Мысалы, жемістен тамған шырынды көргенде сілекейдің бөлінуі, кенеттен шыққан қатты дауысқа адамның реакциясы, тағы басқа.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Адамның тітіркенгіштік қасиеті туралы не білесіз?

Стресс дегеніміз не және оның адам денсаулығына әсері.

Буынның шығуы немесе таюы

Қимыл қозғалыс аппараты дегеніміз не?

Пікір қалдырыңыз