Шап

  Ағза

денедегі ең нәзік жердің бірі — шап

Адам денесіндегі ең нәзік жерінің бірі — шап. Ол адам құрсағының алдыңғы жағынының төменгі бөлігі мен санының аралығында орналасады. Осы жерде шап сіңірі болады. Бұл сіңірге бұлшық еттердің төменгі жағы байланып, құрсақтың алдыңғы жақ қабырғасын құрайды. Шапта кеудеден санның алдыңғы бөлігіне өтетін тамырлар мен жүйкелердің шоғыры жатады.

Шап қатпарларын түзетін тіндер кейде өзіне түскен күшке шыдамай, жыртылып кетеді де шап жарығы пайда болады. Шап жарығы дегеніміз — құрсақ қуысы мүшелерінің тері астынан қапшық тәрізді томпайып шығып тұруы. Спортта әдейілеп шапқа тебу — ережені өрескел бұзғандық деп саналады.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Адам денесінің жоғарғы кеуде бөлігі көкрек туралы.

Жамбас дегеніміз не?

Сіңір және оның байламы туралы не білесіз?

Буынның шығуы немесе таюы

Пікір қалдырыңыз