Шаш

  Ағза

шаш туралы

Тас дәуірінде өмір сүрген адамдарға қалың шаш, үстін жапқан түк олардың тіршілігі үшін өте қажет болған. Бірақ, адамдар өздерінің эволюциялық дамуының арқасында киіне білді, мата тоқуды игерді, кейін өздеріне баспана салып, жылуды пайдалануды үйренді. Сондықтан, бірте-бірте теріні жапқан түктер адамның өмірінде маңызын жоя бастады. Қазіргі кездегі адамда шаш тек басында (кейбір адамдарда ол да жоқ), қолтығының астында, қасағада ғана сақталып қалды.

Жіңішке және қысқа түктер аяқта кездеседі, сондай- ақ ер адамдардың кеудесінде де түк болады. Шаш адам денесінде жеке мүше болып есептелінбейді, ол терінің қабыршақтанған өсінділері. Әрбір шаш шаш түбінен (шаш буылтығынан) шығады. Шаштың түбін шаш қапшықтары — фолликулалар орап жатады. Шашты ұсақ қылтамырлар қоректендіреді.

Шаштың түрі фолликулалардың пішініне байланысты өседі. Мысалы, дөңгелек фолликулладан түзу шаштар, сопақша түрінен — толқынды шаштар, бүршік тәрізділерінен — бұйра шаштар өседі. Фолликулда шашты майлап тұратын — май бездері болады. Егер адам тоңа бастаса немесе қатты қорықса, қысқа шаштар (түктер) бірден “тік тұрады”.

Бұл әрбір шаш буылтығының жанындағы ұсақ бұлшық еттердің жиырылуынан болады. Адамның шашының түсі меланин пигментіне байланысты өзгереді. Мысалы, қара шаштың құрамы тек меланиннен, сары шаш — меланин мен күкірттің қосындысынан тұрады, ал жирен шаштың құрамында темір болады.

Адамның бүкіл өмірінде 120 мыңдай шаш шығады, ол айына 1,25 сантиметрдей өсіп отырады. Күніне балаларда 50—80 тал, ересек адамдарда 100-120 тал шаш түседі. Түскен шаштың орнына қайтадан шаш шығады, бірақ бұл тек жас адамдарда ғана болады, ал қарт адамдардың түскен шашының орнына жаңадан шаш шықпайды.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Қасқабас немесе шаштың түсіп адамның таз бас болуының себебі.

Тістің құрлысы жайлы қызықты ақпарат.

Тырнақ адам ағзасында қалай пайда болады және ол не үшін керек.

Мең немесе қал нені білдіреді?

Пікір қалдырыңыз