Шеміршек

  Ағза

Шеміршек

Егер мұрынның ұшын немесе құлақ қалқанын қолыңмен басып көрсең, онда қолыңның астынан аса қатты емес, созылмалы бір нәрсені сезесің. Бұл ол мүшелердің қаңқасы сүйектен емес, шеміршектен құралғанын көрсетеді. Шеміршек клеткаларының арасын талшықты заттар толтырып жатқандықтан, олар мықты және созылмалы болады.

Шеміршек тіндерінің, әсіресе, омыртқаарлық дискілер мен буындар үшін маңызы зор. Егер сүйектердің ұшын шеміршек жаппаса, адамның жалпы қозғалуы өте қиын болар еді. Ұрықжатыр ішінде дамыған және жаңа туылған жас нәрестенің сүйегі тұтастай шеміршектен тұрады Мұның бас сүйекке де қатысы бар. Бірақ, сәби өсе келе шеміршектер иілгіш қасиеттерінен айырылып, шеміршек тіндері біртіндеп, қатты сүйекке айналады.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Қаңқа немесе скелет дегеніміз не?

Лимфа дегеніміз не және оның адам ағзасындағы қызметі.

Бассүйектің құрылымы туралы қызықты ақпарат.

Буын жайлы медициналық түсінік.

Пікір қалдырыңыз