Шөлдеу

  Ағза

Адамның шөлдеуі

Адамның шөлдеуі — ағзада тұздың көбейіп, судың азайғанын білдіреді Мұндай жағдайдың ең алдымен қанға қатысы бар. Адам ыстық кезде немесе ауыр жұмыс жасағанда қатты шөлдейді. Бұл кезде теріден өте көп тер бөлініп, ағзадағы су мен тұздың арақатысының тепе-тендігі (балансы бұзылады.

Қан біртіндеп қоюлана бастайды. Егер адам өз салмағының бір пайызындай су жоғалтса, қатты шөлдейді, ал осы көрсеткіш бес пайызға жетсе, адам есінен танады, он пайызға жетсе (мысалы, адамның салмағь 60 килограмм, ал жоғалтқан суы 6 литр болса) — бұл адам өміріне өте қауіпті, адам өліп кетуі де мүмкін. Қанның құрамындағы судың азаюы мидағы арнайы жүйке орталықтары қабылдайды.

Адамның іші өткенде қант диабетімен ауырғанда немесе гипофиздің кейбір ауруларында да қатты шөлдейді. Егер қатты шөлдегенде адам терлемесе және тұзды тамақ ішпесе ондай жағдайда дәрігерге қаралғаны жөн. Өйткені, бұл кейбір аурулардың белгісі деп саналады.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Ұйқы безі дегеніміз не және оның қызметі.

Ықылық не үшін пайда болады және одан қалай арылуға болады?

Адам не үшін талып қалады және талу кезінде көрсетілетін көмек.

Инсулин гормонының адам ағасына қандай пайдасы бар.

Пікір қалдырыңыз