Сіңір

  Ағза

денедегі сіңірлер

Арық адамды тарамыс деп атайды. Олардың терісінің астынан тек вена қан тамырлары ғана емес, ұзын және мықты сіңірлерді де көруге болады. Мұндай сіңірлер өте мықты дәнекер тіндерінен тұрады. Бұлшық еттер сүйек, буындармен осы сіңірлер арқылы байланысады. Өте қалың сіңірлер аяқта орналасқан, себебі денеге түскен барлық салмақты солар көтереді.

Ондай сіңірлердің біреуін — тізенің алдыңғы жағынан, тізе ұршығының астынан, екіншісін — өкше (ахилл) сіңірін (балтырдың артқы жағындағы өкше бұдырының үстінде орналасқан) қолмен сипап табуға болады. Енді тізе ұршығын ұстап тұрып, аяқты жазып көрсең, терінің астынан жуан да мықты сіңірдің қатайғанын байқайсың. Егер сіңірге зақым келсе немесе ол үзіліп кетсе, аяқ қатты ауырады, кейде тіпті аяғынды баса алмай қаласың.

Сіңір байламы

Тірек-қимыл аппаратының ең маңызды құрамдас бөлігінің бірі — буын болып саналады. Оқыс қимылдан немесе ауыр салмақтан буын шығып кетпеу үшін сүйек пен буынның байланысы мықты болу керек.

Мұндай байланыстың болуын, өте мықты және созылмалы дәнекер тіннен құралатын — сіңір байламдары іске асырады. Адам денесінде 850-ден астам сіңір байламдары болады. Олардың мықтылығы соншалық, 250-700 килограмм салмаққа шыдап, созыла алады.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Буын жайлы медициналық түсінік.

Буынның шығуы немесе таюы

Адамның тізесі туралы қызықты ақпарат.

Қимыл қозғалыс аппараты дегеніміз не?

Пікір қалдырыңыз