Сіңу, сорылу

  Ағза

ағзадағы сіңу процесі

Адам ауырып қалғанда, дәрігер таблеткалы дәрілер беріп, оны күніне үш рет біреуден ішуді белгілейді. Осы таблетканы сумен ішкеннен кейін не болатына шолу жасайық. Ең алдымен ол қарын сөлінде ериді.

Кейбір дәрілік препараттар асқазанда сіңе бастайды, бірақ олардың көпшілігі асқазандағы қорытылған қоректік заттармен бірге ащы ішекке түсіп, олардың сірлі қабығы арқылы қанға өтеді.

Сіңу — біздің ағзамыздағы маңызды процестердің бірі. Сондықтан сіңу деп әр түрлі заттардың қанға немесе басқа тіндерге өтуін айтады. Қоректік заттар ащы ішекте, ішімдік пен су асқазанда, су мен минералды заттар тоқ ішекте сіңеді.

Кейбір жағдайда, сіңу тері арқылы да болады. Мысалы, теріге жаққан майлар мен жақпамайлар. Мұндай жақпамайлардың құрамындағы дәрілік заттар теріге сіңгеннен кейін, тері астындағы тіндерге, яғни буындар мен бұлшық еттерге әсер етеді.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Адамның терісі туралы не білеміз?

Адам денесінде қанша түрлі ферменттердің бар екенін білесіз бе?

Өттің ас қортудағы атқаратын қызметі жайлы не білесіз?

Ашығу дегеніміз не?

Пікір қалдырыңыз