Сірлі қабық

  Ағза

мүшелердің ішкі қабаты сірлі қабық

Адамның тыныс алу және ас қорыту мүшелерінің ішкі жағын жұмсақ, қызғылт-қызыл тіндер жауып жатады. Олардың беті ылғалды немесе шырышты болып көрінеді, сондықтан бұл мүшелердің ішкі қабатын — сірлі қабық деп атайды.

Біз көбінесе ауыз қуысының сірлі қабығын жақсы білеміз. Бірақ та тура сондай қабық асқазанның, ішектің, мұрынның, кеңірдектің, кеңірдек тарамының және зәр шығару жолдарының ішкі жағын жауып жататынын естен шығармаған жөн.

Барлық сірлі қабықтың құрамында өте көп мөлшерде майда бездер болады. Олар сірлі қабықты суландырып тұратын сулы шырыштар бөледі. Асқазанның шырышты қабатында қарын сөлін бөлетін без болады. Егер ағзада қабыну процесі жүрсе, сірлі қабықта өте көп шырыш жиналады.

Мысалы: тұмау тигенде, мұрынның шырышты қабаты қабынып, шырыштың үнемі сыртқа шығуынан мұрын жолдары бітеліп қалады да, мұрыннан су ағады; бронхит кезінде кеңірдек тарамына суық тигеннен, адамның жөтелгенінен шырыш қақырық түрінде шығады; ал ішектің шырышты қабаты қабынғанда, нәжіс шырыштың әсерінен сұйық болады.

Сірлі қабықтың ішкі мүшелердің қалыпты жұмыс жасауы үшін маңызы зор. Мысалы, ас қорыту процесі кезінде, ішектің шырышты қабатында қоректік заттарды, минералды тұздарды, дәріні және суды сору процесі жүреді.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Мұрынның қызметі туралы не білеміз?

Кекіру неден болады?

Мұрын бітудің себеп салдары негізгі белгілері.

Аденоид бұл қандай ауру және қалай пайда болады.

Пікір қалдырыңыз