Сөйлеу

  Ағза

адамның сөйлеуі

“Құсты ұшқанынан, адамды сөйлегенінен білесің” деген, кең тараған ұғым бар. Сөйлеу — адамның қоғамдық мәнінің басты бір көрінісі. Сөйлеу арқылы адам өзінің ойын жеткізеді және басқа адамдарды түсіне алады.

Сөйлеу әр түрлі дыбыстардың байланысынан пайда болған, алуан түрлі сөздерден құралады. Өте ерте заманда адамдар бір-бірімен жәй дыбыстардың көмегімен түсінісуге тырысқан. Біртіндеп бұл жәй дыбыстар күрделеніп, әуелі сөздер, ақырында сөйлеу пайда болды. Адамның сөйлеуі — ми, тіл және дауыс аппаратына байланысты болады.

Ми, тіл және дауыс аппаратын мидан келген сигналдар басқарса, ал ми, тіл және дауыс аппараты өздерінің бұлшық еттерінің жиырылуы мен босаңсуының нәтижесінде, өкпеден шыққан ауа толқынын басқарады.

Бұл жағдайда белгілі бір үздіксіз дыбыстар пайда болып, ал адамның тілі оларды қысқа дыбыстарға бөледі. Осы қысқа дыбыстардың бір-бірімен қосылуынан сөз бен сөйлеу пайда болады. Бала сөйлеуді үйрену үшін, әуелі ол басқа адамдардың сөйлегенін тыңдап, түсінуі керек.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Дауыс туралы қызықты ақпарат топтамасы

Дауыстың қарлығуы және оның алдын алу жолдары.

Орталық жүйке жүйесі туралы қызықты ақпарат.

Тіл мүкістігі және тұтығу дегеніміз не?

Пікір қалдырыңыз