Сүйек қабығы

  Ағза

сүйектің сыртқы қабығы

Адам сүйегінің сырты жұқа дәнекертінді қабықпен — сүйек қабығымен қапталған. Сүйек қабығы арқылы өте көп ауруға сезімтал жүйке талшықтары өтеді, сондықтан адам бір жерін қатты соғып алса немесе сүйегі сынса қатты ауырсынады. Мұндай ауырсыну — сынған сүйек сынықтарының сүйек қабығын зақымдауынан болады.

Кейде сүйек қабығының қабынуы байқалады, бұл кезде де адам ауырсынады. Сүйек қабығында жүйке түйіндерінен басқа, өте көп қан тамырлары болады. Бұл тамырлардың сүйектерді қоректік заттармен қамтамасыз етуде және әр түрлі сүйек сынықтарының дұрыс бітуінде үлкен маңызы бар.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Бадамша бездері

Сіңу, сорылу процесі дегеніміз не?

Сынық және оның белгілері сүйектің сынуы кезінде көрсетілетін көмек.

Жарақат алғанда ағзада қандай процестер жүреді.

Пікір қалдырыңыз