Тамыр соғуы

  Ағза

тамыр соғысы

Білек сүйегінің алақан бетінде, басбармақтың басталар жерінен үнемі жаймен соғып тұратын тамырды қолмен басып көруге болады. Бұл соғып тұрған — артерия қан тамыры. Мойынның бүйір жағынан, көмекей мен бұлшық еттердің арасынан соғып тұратын — ұйқы артериясы бар. Міне, осы жайымен үнемі соғып тұратын артерияларды — тамыр соғу деп атайды.

Жүрек жиырылғанда ағып шығатын қан тамыр бойымен соғып тұрады. Сондықтан, бұдан бірнеше ғасыр бұрын Ежелгі Мысырда дәрігерлер “егер дәрігердің қолы науқас адамның басы мен қолына тиді деген сөз, оның қолы жүрегіне де жетті” деп есептеген. Жүрек өзінен шыққан қанды әуелі өзінің басты артериясы — қолқаға қарай итеріп, соның нәтижесінде, қолқаның кеңейіп соғуын, одан кейін оның тарамдары — артерия қан тамырларының соғуын қамтамасыз етеді.

Тамырдың соғуы — жүректің қалыпты қызмет жасауын және қан тамырларының қанды біздің денеміздің барлық бөліктеріне тарату мүмкіндігін айқындайтын көрсеткіш болып саналады. Адамның жүрегі минутына 70-80 рет соғады. Міне, бұл дені сау адамның жүрегінің соғу жиілігінің қалыпты көрсеткіші деп аталады.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Артерия жайлы түсінік

Миокард инфарктісі белгілері себеп салдары.

Ентігу не үшін және қалай болады.

Жүрек және оның атқаратын жұмысы жайлы не білесіз?

Пікір қалдырыңыз