Тері

  Ағза

адам терісі

Тері адам денесіндегі қорғаныш қабаты ғана емес, сондай-ақ онда тері жүйкесінің қабылдайтын түйсіктері орналасады. Адамның терісі арқылы денесіне әр түрлі заттар өтеді. Ағзаға тері май және тер бөліп шығарады, соның нәтижесінде адам өзінің дене температурасын реттеп, ағзаның суып немесе ысып кетуінен сақтайды.

Денеге жаққан жақпамайлардан тері арқылы қанға дәрілік заттар өтеді. Тері үш қабаттан тұрады: эпидермис немесе терінің сыртқы беті, дерма (2) немесе нағыз тері және тері асты негіздері (бұл дәнекер тіннен құралады). Теріде сезгіш дене- шіктер, тер және май бездері өте көп жүйкелер мен қан тамырлары болады.

Адам денесінде ең қалың тері өкшені жауып жатады, оның қалындығы 1 сантиметрдей, ал ең жұқа тері — құлақ қалқанында кездеседі, оның қалыңдығы 1 миллиметрдей. Ересек адамның денесін жауып жатқан терінің жалпы ауданы 2 квадрат метрге жуық.

Сондықтан, тері сыртқы орта- дан келетін жағымсыз жағдай- лардан, атап айтқанда, теріге түсетін шаң мен әр түрлі зиянды заттардан қорғайды.Тері өзінің жұмысын дұрыс атқару үшін үнемі дененді таза ұстап, мезгілімен жуынып жүруді ұмытпау керек.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Безеудің пайда болу себептері және оның алдын алу .

Күйік дегеніміз не, түрлері мен дәрежелері қалай аталады?

Үсік шалу кезінде адам ағзасында жүретін процесс.

Адам денесінде қанша түрлі ферменттердің бар екенін білесіз бе?

Пікір қалдырыңыз