Тіл

  Ағза

адамның тілі

Егер адамның тілі болмаса, сөйлей алмайды және жеп отырған тамағымыздың дәмін де сезбес едік. Өйткені, оның шырышты қабатында орналасқан кішкентай бүртіктерінде дәм сезетін жүйке түйіндері болады. Бірақ, тіл тек сөйлеу және дәм сезу органдары ғана емес, ол сондай-ақ, ас қорыту жүйесінің де ең маңызды бөлігі.

Егер де тілдің қалың қабаттарында орналасқан бұлшық еттер болмаса, адам аузына түскен тамақты шайнай да алмаған болар еді. Оның ең маңызды атқаратын жұмысы — жұту кезінде тамақты жұтқыншаққа қарай итереді. Кейбір аурулар кезінде тілдің үстіңгі жағын ақшыл жұқа қабат жабады. Егер дәрігерге қаралғанда, “тіліңді көрсет” десе, онда ол қандай да бір аурудың белгісінің бар-жоғын анықтағысы келеді деп түсіну керек.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Мылқаулықты емдеуге болады ма?

Тіл мүкістігі және тұтығу дегеніміз не?

Жұтқыншақ жайлы не білесіз?

Өңеш дегеніміз не екенін білесіздер ме?

Пікір қалдырыңыз