Тіндер

  Ағза

көптеген клеткалар тіндер

Егер адам ағзасындағы мүшелерді жекелеп микроскоппен қарасақ, олардың клеткаларының және клеткааралық заттарының құрылысында айтарлықтай айырмашылықтың бар екенін көреміз. Біздің көріп тұрғанымыз, сол айырмашылықтарды көрсететін — тіндерді құрайтын негізгі “кірпіштер”. Пішіні мен құрылысы, атқаратын қызметі де бірдей ағзадағы көптеген клеткалар — тін деп аталады.

Адам ағзасындағы әрбір мүше әр түрлі тіндерден құралады. Сондықтан тіндердің бірнеше түрі ажыратылады. Эпителиальды тін тері жабындысын және ішкі мүшелердің шырышты қабығын түзейді. Осы тін арқылы ағза және оны қоршаған сыртқы ортаның арасындағы зат алмасу процесі жүреді. Дәнекер тіні ағзадағы тірек-қимыл процесін іске асырады.

Осы тіндерден адамның сүйек, сіңір байламдары және сіңір құралады. Бұлшық ет тіні бұлшық еттерден құралып, солардың жиырылу-босаңсуынан адам денесі қозғала алады. Жүйке тіні ерекше клеткалар нейрондардан құралады. Бұл тіндер негізінен жүйке сигналдарын беру және тасымалдау жұмыстарын атқарады. Біздің денемізден ағатын қан да тін, тек оны сұйық тін деп атайды.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Сіңір және оның байламы туралы не білесіз?

Адамның дене температурасының қызуы неге көтеріледі?

Дәнекер тіндері дегеніміз не?

Ұйқы безі дегеніміз не және оның қызметі.

Пікір қалдырыңыз