Тіршілік

  Ағза

тіршіліктің пайда болуы

Өзіңе өмірді сезу және көрсету оңай сияқты, бірақ тіршіліктің мәнін білу және оны түсіну өте қиын. Тіпті ғалымдар осыдан екі миллиард жыл бұрын өлі материяның тірі материяға айналу құпиясын күні бүгінге дейін толықтай ашып бере алмай отыр. Күрделі химиялық процестерге қатысатын өте күрделі заттар — белоктар пайда болғаннан кейін барып, тіршілік пайда бола бастады.

Белок жүйесі мен сыртқы ортаның арасындағы ең қарапайым зат алмасу осылайша басталған сияқты. Белоктық негіздің арқасында, бұдан кейін де тірі материяның басқа да қасиеттері дами бастады. Мұндай қасиеттердің қатарына қозғыштық, өсу және көбею жатады. Тірі материяның жеке түрлері біртіндеп дами бастады, соның нәтижесінде өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесі пайда болды. Адам осы жануарлар дүниесінің бір класы — сүтқоректілерге жатады.

Адамдар өздеріне туыстық жағынан жақын тұрған маймылдармен көп ұқсастықтары бар. Адамдар мен маймылдардың қаны, сүйектері, бұлшық еттері және тағы да басқа ағзаны құрайтын мүшелері бірдей болады. Бірақ адам мен кез-келген жануардың арасындағы ең негізгі айырмашылық — адам миының көлеміне байланысты, яғни, адамның миы оның денесіне қатысты салыстырғанда үлкен келеді.

Адам миын өзінің іс- әрекеттерін ойлануға, қиын сұрақтарды шешуге, басқа адамдармен араласуға, тағы да басқа толып жатқан жағдайларға пайдаланады. Қазіргі антропология ғылымы Жер бетіндегі адамдардың бәрін бір ғана саналы адам (Homosapiens) түріне жатқызады.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Ұрықтану және ұрық дегеніміз не?

Ағзадағы вирус дегеніміз не және оны алғаш кім ашты?

Бронх демікпесінің (бронхиальная астма) сипаттамасы.

Микроорганизмдер немесе Микробтар дегеніміз не?

Пікір қалдырыңыз