Тіс

  Ағза

Ересек адамда 32 тіс болады

Балабақшаға барып жүрген балаларда 20 тіс (үстіңгі жағында 10, астында -10) болады. Бұларды сүт тістер деп атайды. Сәбидің бірінші сүт тісі 6 айлығынан бастап шығады да, баланың 6—12 жас аралығында сүт тістері түсіп, оның орнына тұрақты тістері шығады және олар сүт тіске қарағанда ірі келеді. Ересек адамда 32 тіс болады, олар жоғарғы және төменгі жақтарында 16-дан орналасады.

Алдында күрек тіс, одан кейін азу тіс, олардың екі жағынан кіші азу тістер, ал олардан кейін үлкен азу тістер орналасады. Бұдан басқа, 17—21 жас аралығында көптеген адамдарда ақыл тіс шығады. Кейбір адамда бір, екі немесе үш ақыл тіс шығуы мүмкін, ал адамдардың 25 пайызында ондай тіс мүлдем шықпайды.

Тіс жақ сүйектерінің ерекше шұңқырларына бекиді. Әрбір тістің жоғарғы жағын — тіс қаптамасы, ал төменгісін — тіс түбірі деп атайды. Тіс бірнеше қабаттан құралады: оның сыртын қатты қабық — кіреуке (эмаль) қаптап жатады, ал кіреукенің астында тістің ең негізгі массасы — дентин қабаты жатады, тістің орталық бөлігінде қан тамырлары мен жүйке талшықтары орналасқан, жұмсақ пульпа қабаты бар.

Тіс түбірі цементпен қапталған. Тістің жиі кездесетін ауруы — кариес, бұл кезде тістің сыртқы, мықты қабаты зақымданып, тісте қуыс пайда болады. Егер тісті дер кезінде емдемесе, оның жүйке талшықтары зақымданып, ол кезде тіс шыдатпай ауырады.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Тіс аурулары: Кариес және Флюс туралы мәлімет.

Тіл мүкістігі және тұтығу дегеніміз не?

Бассүйектің құрылымы туралы қызықты ақпарат.

Ықылық не үшін пайда болады және одан қалай арылуға болады?

Пікір қалдырыңыз