Тітіркенгіштік

  Ағза

ағзаның тітіркенуі қасиеті

Адам бір жерін қатты соғып алса — даусы қатты шығып кетеді немесе ыстық нәрсеге қолың тиіп кетсе, жалма-жан қолыңды тартып аласың. Осындай жағдайларға әрбір адам өзінше жауап қайтарады. Адам денесінің осындай жауап қайтаруының мәні тірі ағзаның ең маңызды қасиетінің бірі — тітіркенгіштік болады. Оның негізі жүйке жүйесінің қызметіне байланысты.

Сезім мүшесі арқылы қабылданған тітіркену, күрделі жүйке жолдары арқылы миға беріледі, одан жүйкелер арқылы бұлшық еттерге немесе басқа мүшелерге ары қарай не істеу керек екені туралы “бұйрық” түседі. Міне осылайша ағзаның қорғаныс рефлексі пайда болады. Егер адам тітіркенгіштік қасиетін жоғалтса, онда ол өзінің қай жері ауырып тұрғанын сезбес те еді.

Онда бұл адамның сыртқы ортаның қолайсыз әсерінен сақтайтын, ең негізгі қасиеті — қорғаныс реакциясын жоғалтқаны деп саналады. Ауруға тек адамды қинайтын нәрсе ғана деп емес, ол ағзаға төнген қауіпті ескертетін жағдай деп қарау керек.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Қабыну дегеніміз не және оның себеп салдары мен сипаттамасы.

Стресс дегеніміз не және оның адам денсаулығына әсері.

Естен тану неге болады. Адамның есін жинауға қандай көмек беріледі.

Рефлекс дегеніміз не?

Пікір қалдырыңыз