Тізе

  Ағза

адамның тізесі

Аяқтың ортаңғы бөлігін тізе деп атайды. Тізенің алдыңғы жағындағы тері астынан пішіні жарты шар тәрізді, қозғалмалы сүйекті қолмен сипап анықтауға болады. Ол тізе тобығы , кейде оны тізе ұршығы деп атайды. Тізе тобығы тізе буынының жалғасы болып саналады. Бұл адам денесіндегі ең күрделі құрылымды буын деп есептелінеді.

Себебі, онда үш сүйек: ортан жілік , үлкен жіліншік сүйегі  және тізе тобығы жалғасқан. Ортан жілік пен үлкен жіліншік сүйектерінің ұштарының байланысқан жерінде жарты ай тәрізді, ораққа ұқсас шеміршек — мениск бар. Осы менискілер ауыр салмақты буынның көтеруіне көмектеседі.

Мысалы, спортшылар биіктікке секіргенде, тізе буынының бір квадрат сантиметр ауданына 500 килограмдай күш түседі, міне осы салмақты буын көтереді. Бірақ байқамаса, спортпен шұғылданғанда немесе ойын кезінде осы мықты буынды шығарып немесе созып алуға болады.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Сіңір және оның байламы туралы не білесіз?

Аяқ қол туралы медициналық түсінік

Буын жайлы медициналық түсінік.

Буынның шығуы немесе таюы

 

Пікір қалдырыңыз