Түс көру

  Ағза

ұйықтаған адамның түс көруі

Ежелгі грек және рим мифологиясында ұйқы құдайы Морфейдің болғанын бәрің де білесіндер. Ал көптеген халықтардың ұғымында “түс көру — ұйықтаған адамның жаны оны уақытша тастап, басқа бір кеңістікте бой жазуы” деп есептеген. Шындығына келгенде, түс көру — табиғи құбылыс. Бұл адам ұйықтаған кезде мидың кейбір бөліктерінің жұмыс жасап жататының яғни, ұйықтамайтынын көрсетеді. Адам қатты ұйқыға кетіп толықтай тыныштық күйге түскенде, екі-үш сағаттан кейін, мидың кейбір жеке бөлігі ояна бастайды.

Міне, ұйқының осы кезеңінде адам неше түрлі түс көреді. Мысалы, күндіз іздеп таба алмаған зат түсіне кіріп, оның қайда жатқанын көреді. Таңертең тұрып, сол жерді қараса, іздеген затын табады. Бұл мидың дем алмай, ұйықтаған кезде жоғалған затты адам санасының көмегімен іздейтінімен түсіндіріледі.

Бірақ кейде адам көреген немесе болжам түс көреді. Мысалы, адамның бірнеше жыл санасында шешімін таба алмай жүрген сұрағының жауабы түсіне енуі мүмкін. Оған дәлел атақты орыс ғалымы Д.И.Менделеев өзінің “Химиялық элементтердің периодтық кестесін” түсінде көрген. Мұндай түстерді адам өмірінде бір- екі рет қана көруі мүмкін, ал егер ондай көреген түстер жиі қайталанатын болса, ондай адамдар керемет аналитиктер немесе оларға көріпкелдік қасиет дарыған деп саналады. Кейбір адамдар көрген түсін сәуегейлікке жорып, оның шешімін арнайы түс жору туралы кітапшаларынан (сонник) іздейді. Бірақ, ондай кітапшаларда айтылған мағлұматтар барлық адамға келе бермейтінін естен шығармаған жөн.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Рефлекс дегеніміз не?

Естен тану неге болады. Адамның есін жинауға қандай көмек беріледі.

Ұйқы туралы не білесіз?

Ұйқыға байланысты аурулар туралы біз не білеміз?

Пікір қалдырыңыз