Түшкіру

  Ағза

Түшкіру рефлексі

Адам түшкірген кезде “денің сау болсын” деп тілек айтуды бәріміз білеміз. Бірақ, осы айтылған тілектің өзіндік тарихы бар екенін көбіміз біле бермейміз. Түшкіру көп жағдайда аурудың, әсіресе, тұмаудың алды екенін, бұрыннан білген. Сондықтан “денің сау болсын” деген тілекті аурудың алдын алу үшін айтқан. Өйткені, тұмау өте жұқпалы аурудың қатарына жатады.

Түшкіру рефлексі — бұл адамның қорғаныш рефлексі. Соның көмегімен мұрын қуысы бөгде заттардан, микробтар мен шырыштардан арылады. Тұмау кезінде адам қатты және жиі түшкіреді, себебі қабынудың салдарынан мұрын қуысы үнемі тітіркеніп тұрады және өте сезімтал келеді. Мұрынға жағымсыз немесе гүлдің хош иісі келгенде де адам түшкіреді.

Кейде адам күннің көзіне қараған кезде де түшкіруі мүмкін. Мұндай жағдай күрделі рефлекстердің әсерінен болады. Түшкірген кезде адамның айналасына микробтардан тұратын мыңдаған өте кішкентай тамшылар таралады. Сондықтан түшкірген кезде мұрын мен ауызды қол орамалмен жабу керек. Бұл тек гигиеналық тазалық үшін ғана емес, сонымен қатар адамның әдептілігін де көрсетеді.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Мұрынның қызметі туралы не білеміз?

Мұрын бітудің себеп салдары негізгі белгілері.

Қақырық неден пайда болады және одан құтылу жолы.

Есінеу — тыныс алу рефлексі туралы не білеміз.

Пікір қалдырыңыз