Туу

  Ағза

Өмірге жаңа адамның келуі

Жануарлар өздерінің ұрпағын өмірге әр түрлі жолмен әкеледі. Ал адам өмірге анасының ағзасы арқылы келеді. Өмірге жаңа адамның келуі аталық және аналық жыныс клеткаларының қосылуы — ұрықтанудың нәтижесінде іске асады. Осылайша ұрық пайда болады. Ананың жатырында пайда болған ұрық дамиды.

Қырық аптадан кейін жатырдағы ұрық ананың денесінен тыс дами алатындай жағдайға жетеді. Осы кезде арнайы гормондардың әсерінен жатырдың етті қабаты қатты жиырылып, ұрық жатыр ішінде біртіндеп жылжып, жатыр қуысынан шығуға икемденеді. Босану кезінде жатырдың бұлшық етті қабатының жиырылу қасиеті салдарынан нәресте босану жолдарына тез өтеді.

Жаңа туған нәресте бірден айқайлап, дыбыс шығарады. Бұл оның бірінші дем алу және өзінің өкпесін ауаға толтыру, яғни нәрестенің өмірге келгендегі алғашқы жасаған қадамының белгісі деп есептелінеді. Оның артынша, жатырдан іштегі бала мен кіндік бауды жалғастырып жататын — бала жолдасы бөлініп, баладан кейін түседі. Нәрестеге бұдан кейін бала жолдасының керегі болмайды, сондықтан кіндік бауды байлап, оның кіндігін кеседі.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Жатыр (матка) дегеніміз не?

Етеккір (менструация) дегеніміз не?

Туа пайда болған аурулар мен ақаулардың негізгі себебі.

Ұрықтану және ұрық дегеніміз не?

Пікір қалдырыңыз