Тыныс алу

  Ағза

адамның тыныс алуы

Ағзадағы барлық мүшелер өз жұмысын дұрыс атқару үшін оларды оттекпен қамтамасыз етіп, көмірқышқыл газынан тазарту керек. Егер адамға оттек келуін жауып тастаса, адам өледі. Ағзаға оттектің түсіп, көмір қышқыл газының шығуы тыныс алу процесі деп аталады. Тыныс алу жүйесі тыныс алу жолдары мен өкпеден құралады.

Құрамында оттек бар, атмосферадағы ауа танау тесігі арқылы мұрын қуысына өтеді, одан ары қарай мұрын-жұтқыншақ, жұтқыншақ және көмекей арқылы, кеңірдекке жетеді. Кеңірдектің түтікшелері екі түтікке — кеңірдекшеге бөлініп, ол жұтқан ауаны өкпеге жеткізеді. Оттек өкпеге дем алу кезінде түседі, ал көмірқышқыл газы демді сыртқа шығарғанда, ағзадан шығады.

Дем алғанда қабырғалар жазылып, кеуде клеткасы кеңейеді. Осы сәтте өкпе астындағы бұлшық еттерінің жиырылуынан көкет төмен түседі де, кеуде қуысында бос орын көбейеді. Осы жағдайлардың әсерінен қысым төмендеп, ауа өкпеге қарай жылжиды. Дем шығарғанда қабырғалар тарылады, көкет босаңсып, жоғары көтеріледі.Бұл кезде кеуде қуысында қысым көтеріліп, ауа өкпеден сыртқа шығарылады. Неғұрлым терең дем алған сайын, өкпе көпіршіктеріне (альвеол) ауа көп жиналады. Орташа дем алғанның өзінде адам 300-ден 900 миллилитрге дейін ауа жұтады.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Өкпе және оның артериясы туралы біз не білеміз ?

Жұтқыншақ жайлы не білесіз?

Мұрынның қызметі туралы не білеміз?

Оттек дегеніміз не?

Пікір қалдырыңыз