Тырнақ

  Ағза

тырнақтар туралы

Тырнақ адамда, жабайы және үй жануарларында, құстарда болады. Жануарлар мен құстардың тырнақтары өте мықты, оларға өздерінің жауларынан қорғану үшін және қорегін ұстау үшін керек. Адамның тырнақтары жануарлардың тырнақтарындай мықты болмайды, бірақ бұл адам мен жануарлардың эволюциялық даму кезінде арғы тектерінде бір ұқсастықтың болғанын көрсетеді.

Тырнақ адамның саусақтарының ұшын қорғайды және оларға тірек болады. Тырнақтың теріден шығатын жерін тырнақ ернеуі деп атайды. Егер саусақтың ұшын бірнәрсеге қысып алсаң, тырнақ көгеріп кетеді, кейде түсіп те қалады. Ондай жағдайда, біраздан кейін түскен тырнақтың орнына тырнақ ернеуінен жаңа тырнақ шығады. Аяқтағы тырнақ тәулігіне 0,05 миллиметр жылдамдықпен, ал қолдағы — 0,08 миллиметр жылдамдықпен өседі. Бұл бір жылда тырнақ 3 сантиметрдей өседі деген сөз.

Тырнақ сүйек және шеміршекті тіндерге ұқсас мүйізді заттардан тұрады. Тырнақты өсірмей, мезгіл-мезгіл алып отыру керек, өйткені олардың астына кір және ауру тарататын микробтар жиналады.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Шаш құрлысы туралы не білеміз? Білмесеңіздер, оқыңыздар!

Күбіртке (панариций) ауруының сипаттамасы мен белгілері.

Тістің құрлысы жайлы қызықты ақпарат.

Бацилла тасушы деген не?

Пікір қалдырыңыз