Ұрықтану және ұрық

  Ағза

ұрықтану процесі

Тірі ағзалардың көбейе алатын мүмкіншілігі — олардың ең басты қасиеттерінің бірі. Өсімдіктердің гүлдерінде тозаңданудан кейін, олардың ұрығы дами бастайды.

Жануарлар шағылысқаннан кейін, олардың ұрықтанған жұмыртқаклеткаларында жаңа тірі ағза дами бастайды. Міне, осындай жағдай адамда да болады. Ер адамның жыныс мүшесінде жыныс клеткасы — сперматозоид, ал әйелдерде — жұмыртқаклетка жетіледі. Жыныс қатынасы кезінде жыныс клеткалары бір-бірімен қосылады да, ұрықтану процесі жүреді.

Ұрықтанғаннан кейін жұмыртқаклетка жатырдың шырышты қабатына еніп, екіге, төртке, сегізге, кейде одан көп бөліне бастайды. Міне, осылайша ұрықтанған клеткадан әуелі ұрық, одан кейін іштегі бала, ең соңында болашақ кішкентай адам дамып, кейін ол дүниеге келеді. Қалыпты жағдайда жүктіліктің ұзақтығы 40 аптадай (280 күн), бірақ кейде әр түрлі себептермен оның ұзақтығы қысқарып немесе ұзарып кетуі мүмкін.

Ұрық

Жүктіліктің алғашқы екі айын — ұрықтық кезең, ал сол уақытта дамитын тірі ағзаны — ұрық деп атайды. Бұл кезде ұрықтың қабығы жетіледі. Оның өте көп қан тамырлары болатын сыртқы қабығы ұрықты қоректендіреді және оттекпен қамтамасыз етеді. Ал жартылай мөлдір жұқа ішкі қабығы, іші сұйыққа толы қуысқа айналып, ұрық соның ішінде батып жатады.

Осы кезде адам ұрығының басы және мойнының қалыптасқаны анық көрінеді. Сондай-ақ, ұрықтың денесінде болашақта жетілетін мүшелердің — ми, жүрек, бауыр, бүйрек және өкпенің алғашқы белгілері қалыптаса бастайды. Жүктіліктің екінші айының аяғында ұрық өзінің дамуында адамға ұқсай бастайды, сондықтан ол іштегі бала кейпіне ауысады.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Жатыр (матка) дегеніміз не?

Туу яғни босану процесі қалай болады.

Туа пайда болған аурулар мен ақаулардың негізгі себебі.

Етеккір (менструация) дегеніміз не?

Пікір қалдырыңыз