Ұйқы

  Ағза

Ұйқы туралы мақала

Ежелгі гректер Гипнос құдайына қатты табынған, себебі олардың түсінігі бойынша, ол күн сайын түнде келіп, барлық тірі нәрсені ұйықтатып кетеді деп ойлаған. Әрине, мұның шындыққа жатпайтынын өздерің де білесіңдер, сондықтан “ұйқы — табиғаттан тыс ерекше құбылыс немесе жұмбақ нәрсе” деп қарауға болмайды.

Ұйқы — бұл қалыпты құбылыс. Күні бойы шаршаған адамның ағзасы түнде ұйықтағанда, бұлшық еттері босаңсып, дем алуы және жүрегінің соғуы қалыпты жағдайға түсіп, ми клеткаларының жұмысы біртіндеп белсенділігін азайтады.

Бұл кезде тек ағзаның тіршілік қабілетін жойып алмау үшін қызмет атқаратын орталықтар — тыныс алу мен қан айналу ғана белсенді жұмыс жасайды. Ұйықтағанда адам денесі дем алып, жаңа күш жинайды. Балалар тәулігіне 9 сағат ұйықтау керек. Адамның өмірінде ұйқының алатын маңызы зор. Оған дәлел адам тамақсыз 15 күндей, ал ұйқысыз, сондай-ақ, сусыз 5 күннен артық өмір сүре алмайды.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Ұйқыға байланысты аурулар туралы біз не білеміз?

Есінеу — тыныс алу рефлексі туралы не білеміз.

Адам не үшін түс көреді.

Ұйқы безі дегеніміз не және оның қызметі.

Пікір қалдырыңыз