Ықылық

  Ағза

Ықылық ату

Ықылық не себептен болады? Адам кенеттен тез дем алғанда “ық” деген дыбыс шығарады, оның атауы осы дыбысқа байланысты қойылған. Ықылық асқазанның шамадан тыс толуы немесе жұтқан ауаның тез мұздап кетуі көкетті тітіркендіруінен болады. Бұл кезде көкет пен қабырға аралық бұлшық еттер кенеттен жиырылып, адам қатты қысқа дем алады, соның әсерінен “ық” деген дыбыс шығады.

Ас қорыту мүшелері мен орталық жүйке жүйесінің ауруларының салдарынан да ықылық болуы мүмкін. Егер адамда ықылық бір-екі рет болса, оған мән берудің қажеті жоқ. Мұндай кезде бір қасық шақпақ қант немесе лимон сөгін ішіп жеберсе, ықылық қайтады. Ал егер бұл жағдай бірнеше сағатқа созылса, онда ықылық адамның дем алуын қиындатады, бұл денсаулық үшін өте қауіпті. Ондай жағдайда дәрігерге қаралу қажет.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Кекіру неден болады?

Адамның шөлдеуі не үшін болады?

Ұйқы безі дегеніміз не және оның қызметі.

Қарынның және он екі елі ішектің ойық жарасы.

Пікір қалдырыңыз