Зат алмасу

  Ағза

Зат алмасу процесі

Енді күнделікті жеген тамағымыздан, ішкен суымыздан, жұтқан ауамыздан біздің ағзамызда не болатынына назар салайық. Адамның тіршілігі үшін ең қажетті нәрсенің бірі — жылу және зат алмасу. Бұл процестер тіршілік барысында үздіксіз жүріп жатады, ол тек адам қайтыс болғанда ғана тоқтайды.

Зат алмасу кезінде ағзаға қоректік заттар мен ауа сіңіріледі, олар жай заттарға ыдырап, соларды клеткалар өздерінің өсуі және жаңаруы үшін пайдаланады. Бұл процестің негізіне химиялық энергияның бөлініп шығып, оның физикалық және жылу энергиясына айналуы жатады.

Зат алмасу кезінде: біріншіден — ағзада жаңа клеткалар құрылу үшін жаңа заттар түзіледі, екіншіден — қоректік заттар мен ескі клеткалар ыдырай бастайды. Міне осы процестердің бір-бірімен тығыз байланысынан ағзаның тіршілік қызметі тоқтамайды.

Зәр шығару жүйесі

Адам ағзасы зат алмасу процесінің нәтижесінде химиялық қосындылар мен артық судан тазарып отырады. Мұндай тазартудың бірнеше жолы бар. Ағзаны керек емес заттардан тазартудың маңызды жүйесін — зәр шығару жүйесі деп атаймыз. Бүйректе жиналған зәр, несеп ағардың түтікшелерімен ағып, одан қуыққа түседі.

Қуық зәрге толғанда, адам оны сыртқа шығарғысы келеді. Қуықтан зәр шығару түтіктері шығады, оның аузында орналасқан сақина тәрізді бұлшық еттер зәрдің өздігінен ағып кетуіне кедергі жасайды. Қуықтың қабырғалары жақсы дамыған бұлшық ет қабатынан тұрады.

Бұлшық еттің жиырылуы нәтижесінде қуық зәрден босайды. Ересек адам тәулігіне шамамен 1,5 литрдей зәр шығарады, ал балаларда бұдан аз болады. Әр түрлі қабыну ауруларымен ауырғанда, зәрдің құрамында белок, ірің немесе қан болуы мүмкін. Сондықтан дәрігерлер көбіне зәрді тексеріп, соның қорытындысы бойынша аурудың диагнозы қойылып, емдеу әдісі белгіленеді.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Ас Қорыту Жүйесі Дегеніміз Не?

Өттің ас қортудағы атқаратын қызметі жайлы не білесіз?

Семіздік дегеніміз не және оның алдын алу үшін не істеу керек?

Минералды заттардың адам денсаулығына маңызы қандай?

Пікір қалдырыңыз