Жамбас

  Ағза

жамбас сүйегі

Жамбас екі жамбас сүйегінен тұрады. Оның алдыңғы жағы қасаға шеміршегімен байланысып жатады, артқы жағы сегізкөз омыртқасымен жалғасып кеткен. Жамбас сүйегі негізінен денеге тірек болады, сонымен қатар құрсақ қуысында орналасқан мүшелерді (жыныс және зәр шығару жүйелерін) қорғау қызметін атқарады.

Ерлер мен әйелдердің жамбасының құрылысында өзіне тән ерекшеліктері болады. Әйелдердің жамбасы ер адамдардың жамбасына қарағанда, мөлшері үлкен, кең және төмен орналасады. Себебі, болашақ адамның бастамасы — ұрықтанған ұрық дамитын жатыр осы жамбас астауында орналасады.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Жатыр (матка) дегеніміз не?

Шап жарығы дегеніміз не?

Ұрықтану және ұрық дегеніміз не?

Аяқ қол туралы медициналық түсінік

Пікір қалдырыңыз