Жатыр

  Ағза

Жатыр

Жатыр тек қыз балалар мен әйелдерде ғана болады. Жамбас қуысының төменгі жағында орналасқан, пішіні алмұрт тәрізді, ұшы жіңішкеріп келеді де, төмен қарай иіліп тұрады. Оның ұзындығы 8 сантиметрдей, салмағы 40—50 грамм, жоғарғы жағы — денесі немесе түбі, төменгі жағы — мойны деп аталады. Денесі: сыртқы — сір, ортаңғы — бұлшық етті және ішкі — шырышты қабаттардан тұрады. Жатырда болашақ өмірге келетін сәбидің дамуының алғашқы кезеңі өтеді.

Әйелдің жұмыртқа клеткасы ұрықтанған кейін жатырдың ішкі шырышты қабатына өтіп, сол жерде әуелі ұрық, одан кейін іштегі бала дамиды. Сондықтан жатыр іштегі баланың алғашқы қоректік ортасы болып саналады. Әйел босанған кезде іштегі бала жатырдан бөлініп кетеді. Қыздар балиғатқа толғанда, жатырдың шырышты қабатында елеулі өзгерістер болады. Әуелі шырышты қабат қалыңдайды, содан кейін қанға толып, жарылып кетеді. Қан жыныс жолдары арқылы сыртқа шығады. Міне осы процесс ай сайын қайталанып отырады. Осылайша ай сайын келетін етеккір қалыптасады.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Етеккір (менструация) дегеніміз не?

Туу яғни босану процесі қалай болады.

Ұрықтану және ұрық дегеніміз не?

Жамбас дегеніміз не?

Пікір қалдырыңыз