Жетілу

  Ағза

Адамның жетілу процесі

Балалар кішкентай күнінде үлкен адам болғанша асығады. Бірақ бала бір күнде есейіп кетпейді. Әрбір бала жетілудің өтпелі кезеңінен өтуі тиіс. Сондықтан қыздар үшін өтпелі кезең 12—13, ал ұлдар үшін 14—16 жаста басталады. Жасөспірімдердің балиғатқа толу кезеңінде олардың ағзасында өте маңызды өзгерістер байқалады.

Бұл процестер ішкі секреция бездерінен бөлінетін гормондар арқылы реттеледі. Гормондар орталық жүйке жүйесінен түскен сигналдар арқылы бөлінеді. Бұл кезде ұлдардың бойы өсіп, даусы өзгереді. Осы кезеңде олардың жыныс бездерінде жыныс клеткалары — сперматозоидтар түзіледі. Ал қыздарда — етеккір басталып, сүт бездері ұлғаяды. Ұлдар мен қыздар тек бір сыныпта оқитын жолдастар емес, олардың араларында ерекше сезім қалыптасады.

Олардың мінез -құлықтарында өзгерістер пайда бола бастайды. Олар өте сезімтал келеді және сәл нәрсеге ренжіп қалады. Осы өтпелі кезеңде олардың ағзасы да әр түрлі ауруларға бейім келеді. Сондықтан жасөспірімдердің уақытымен дұрыс тамақтанғанын және демалғанын қадағалаған жөн.

Бұл кезде жетіле бастаған ағзаға шылым шегу мен ішімдік ішу өте зиянды болады. Ішімдік олардың миының жетілуін тежейді, соның нәтижесінде мидың дұрыс дамымай қалуы мүмкін. Сондай- ақ, бұл кезде кездейсоқ жыныстық қатынастардан аулақ болған дұрыс. Сондықтан жасөспірімдердің жыныстық жетілуі кезеңінде олардың ата- аналары да балаларына ерекше көңіл бөлулері қажет.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Адамның дамып жетілу процесі.

Бұғақ немесе зоб ауруының белгілері мен сипаттамасы.

Безеудің пайда болу себептері және оның алдын алу .

Етеккір (менструация) дегеніміз не?

 

Пікір қалдырыңыз