Жұтқыншақ

  Ағза

Жұтқыншақ

Жұтқыншақ бассүйектің астыңғы жағынан, 6—7 мойын омыртқалары аралығында орналасып, одан төмен өңешке жалғасады. Оның ұзындығы 14 сантиметр, ені 5 сантиметрдей. Пішіні біртіндеп тарылған түтікше тәрізді. Жұтқыншақ арқылы қоректік заттар, су және ауа өтеді.

Қоректік заттар мен су асқазанға, ал ауа жұтқыншақ пен кеңірдек арқылы өкпеге өтеді. Бір жұтынғанда шамамен асқазанға 5 грамм қоректік заттар немесе 50 грамм су түседі. Жұтқыншақтың жоғарғы бөлігін — мұрын-жұтқыншақ деп атайды. Онда ортаңғы құлақты мұрын-жұтқыншақ жолымен ұштастыратын — Евстахи түтігі орналасқан.

Жұту

Қоректік заттар ауыз қуысынан жұтқыншақ және өңеш арқылы асқазанға түседі. Міне осы процесті жұту деп атайды. Жұту процесін орталық жүйке жүйесі басқарады. Жұтуды іске асыратын жүйке орталығы сопақша мида орналасқан. Ауыздағы шайналып, сілекейдің көмегімен суланған тамақ тілдің түбіне түсіп, соның нәтижесінде рефлекторлық тітіркену пайда болады да, тілдің түбі көтеріліп, тамақты жұтқыншаққа қарай итереді. Бұдан кейін тандай көтеріліп, мұрын қуысының артқы жағын жабады.

Жұтқыншақтың бұлшық еттерінің жиырылуынан, тамақ өңешке қарай итеріледі. Осы кезде көмей қақпашығы жұтқыншақты жауып қалады да, тамақ өңешке, содан кейін өңештің бұлшық еттерінің жиырылуынан, одан әрі қарынға түседі. Ас қорыту процесі толығымен дұрыс орындалуы үшін, адам тамақтанғанда ешнәрсеге алаңдамауы керек. Адам бір рет жұтынғанда қарынға 5—10 грамдай қоректік заттар түседі.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Өңеш дегеніміз не екенін білесіздер ме?

Адам тілінің сөйлеуден басқа атқаратын қандай қызметін білесіз?

Тыныс алу туралы не білесіз?

Мойын, көмей және кеңірдектің ағзадағы қызметі.

Пікір қалдырыңыз