Жүйке жүйесі

  Ағза

Жүйке жүйесі

Ағзаның тіршілік ету қабілеті мүшелердің бір-бірімен үйлесімді қызмет етуіне, яғни, мүшелердің өзін қоршаған ортаның өзгерісіне дұрыс және уақытында жауап беруіне тікелей байланысты болады.

Жүйке жүйесі мүшелерге импульстар жібереді және олардан импульстар қабылдап, мүшелердің қызметін бақылап реттейді. Жүйке жүйесі орталық және шеткі бөліктерден тұрады. Орталық бөлікке ми және жұлын, ал шеткі бөлікке — ми, жұлын және вегетативті (ішкі мүшелерге қатысты) жүйкелер жатады. Адамның жүйке жүйесі тітіркендіргіштерге ғана жауап беріп қоймайды, ағзадағы мүшелердің қызметі мен олардың бір-біріне байланысын басқарады.

Сонымен қатар жүйке жүйесі ми арқылы адамның ішкі рухани сезімін, көңіл-күйін және әлеуметтік жағдайын қамтамасыз етеді. Соның нәтижесінде адамның ойлау әрекеті, сөйлеу және өзінің ісіне жауап беру қабілеттілігі қалыптасады.

Жүйке клеткасы

Барлық жүйке жүйесінің жұмысы, олардың ең кішкентай бөлігі — жүйке клеткасы немесе нейрондары арқылы іске асады. Адам денесінде 40 миллиардқа жуық жүйке клеткасы болады, олардың алатын орны және әрқайсысының атқаратын қызметі бар. Нейрондардың пішіні сопақша, жұлдызша немесе көпбұрышты болып келеді.

Одан екі түрлі өскіндер тарайды. Қысқа және бұтақты өскінді — деңдрит, ал ұзын және тек ұшына қарай бұтақталған өскінді аксон деп атайды. Аксонның сыртын жүйкені қоректендіріп, қорғайтын және жүйке импульстерін жақсы өткізетін миелин қабықшасы жауып жатады.

Аксондардың ұзындығы 1,5 метрге жетеді, олар жүйке талшықтарын, ал бір бөлігі шоғырланып жүйкені құрайды. Жүйке талшықтары адам денесін шырмап, орап жатады. Орталықжүйке жүйесінің сыртында жататын нейрондар жүйке түйіндерін түзеді. Жүйкелер мен жүйке түйіндері қосылып, шеткі жүйке жүйесін құрайды.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Орталық жүйке жүйесі туралы қызықты ақпарат.

Ми дегеніміз не және ол қаншаға бөлінеді.

Жұлын және оның сұйықтығы жайлы не білеміз.

Адамның тітіркенгіштік қасиеті туралы не білесіз?

Пікір қалдырыңыз