Әйел жыныс жүйесінің жоғарғы бөлігінің соз ауруы

  Гинекология

Жатырдың ішкі ернеуінен жоғары орналасқан /жатыр денесі, жатыр түтікшесі, аналық без, жамбастың іш пердесі/ ішкі жыныс мүшелерінің арнайы қабынуын жоғары қарай көтерілетін соз ауруы деп атайды.

Инфекция таралуына етеккір, әсіресе тазалық ережесі сақталмаса /мысалы, етеккір кезіндегі-жыныс қатынасы/, босанудан және аборттан кейінгі кезеңдер, несеп-жыныс аппаратының төменгі бөлігінің соз ауруы анықталынбаған, белгісіз жағдайда жатыр ішіне жасалынған іс-шаралар, сонымен қатар, салқын тию, физикалық қиналыстар нәтижесінде организмнің қорғаныш күштерінің әлсіреуі ықпал етеді.

Созды эндометрит

Гонококтар жатыр ішіне еніп, оның қырышты қабатына тарайды, жекеленген бөліктерінде эпителий түлей бастайды.Микробтар шырыш асты қабатына түсіп, онда лейкоциттер инфильтрациясы пайда болады.

Етеккір кезіндегі эндометрийдің жұлынып, сыртқа шығуында өздігінен жазылу процесі жүрмейді, гонококтар эндометрийдің тереңдеу орналасқан базальды қабатын зақымдап, онда микробтардың көбеюіне ыңғайлы жағдай тууына байланысты, жедел түрде көбею процесі жүреді.Егер соз ауруы етеккір кезінде жұқса, онда гонококтар шырышты қабықтың базальды қабатына енеді.

Клиникалық суреттемесі: Жедел түрдегі созды эндометриттің клиникалық белгілері: дене қызуы көтеріледі, науқас қалтырайды, әлсіздік, делсалдық, іштің төменгі жағында өткір ауру белгісі және жатырдан іріңді бөлінді пайда болады.Етеккір циклінің бұзылуы /етеккірдің кешігуі, ациклды қан кету/ байқалады.

Уланудың жалпы белгілері табылады:тілі құрғап, тамыр соғысы жиіленеді. Гинекологиялық зерттеуде жатырдың үлкеюі және жұмсаруы, сипалағанда оның ауыратындығы, шырышты-іріңді немесе іріңді-қанды бөліндінің барлығы анықталынады. 3-4 етеккірден кейін эндометрийдегі қабыну өзгерістерінің жойылуы мүмкін.

Сирек жағдайда жедел эндометрит эндо және миометрий стромасының тұрақты зақымдануы бар созылмалы түріне өтеді, ол іштің төменгі жағының тұрақты шаншуымен, сулы немесе шырышты-іріңді бөліндінің көп бөлінуімен, альгоменорея, менометроррагия, жатырдың үлкеюі мен қатаюымен сипатталады.

Анықтау. Диагноз қоз жазылған клиникалық суреттемеге негізделеді.Тексеру кезінде анамнездің мәліметі, сонымен қатар несеп-жыныс аппаратының төменгі бөлігінде инфекция ошағының бар екендігі ескеріледі.Диагноз лабораториялық әдіс көмегімен қойылады.

Созды сальпингоофорит

Жатыр ішінен созды инфекция әдетте түтікшенің шырышты қабатына каналикулярлы жолмен ал сосын аналық без бен іш пердесіне тарайды.Созды сальпингитте түтікшенің ішкі /шырышты/ қабаты басында зақымданады, оның қызаруы, инфильтрациясы, эпителий түсуі байқалады.Түтікше ішінде іріңді экссудат пайда болады.

Түтікшенің қабырғасы бір-біріне жабысады, және оның ішінде экссудат жиналады, түтікше реторт пішінге ие болады, сактосальпинкс /пиосальпинкс/ пайда болады.Қабыну процесі шырышты қабаттан бұлшық ет және серозды қабаттарға тарауы мүмкін.Бұл жағдайда түтікшенің көрші мүшелермен жабысуы, оның тарылуы, иілуі, ішінің бітеліп қалуы байқалады.

Созды сальпингоофориттің толық жазылуы мүмкін.Бір қатар жағдайда түтікше ішінде структуралық өзгерістер пайда болады және ол бірнеше тұйықталған қуыстан тұратын, іші сұйыққа толы /ірің, серозды сұйық/ қапшық құрайды.

Созды офорит әдетте сальпингит басталуынан кейін пайда болады, клиникалық тәжірибе жүзінде оны сальпингоофорит деп атайды.Микробтар аналық безде түтікшеден /бойына/, кейде лимфогенді жолмен тарайды. Инфекция фолликул немесе сары денеге түсуі мүмкін, онда абсцестер пайда болады, бір қатар жағдайда бүкіл аналық безге тарайды.

Клиникалық суреттемесі: Созды сальпингоофорит жедел сатысында жедел түрде дамиды, бүкіл іштің бойы түгелдей қатты ауырады, құсады,, лоқсиды, іші кебеді, үлкен дәреті мен газы /желі/ кешігеді, дене қызуы көтеріліп қалтырайды.

Улану белгілері дамиды:тілі құрғап, тамыр соғысы жиіленеді,іші кебеді, сипалау және перкуссия кездерінде іші ауырады, іші қатайған, Щеткин-Блюмберг белгісі жақсы білінеді.Осындай суреттеме 4-5 күнге созылады, сонан кейін науқастың жағдайы жақсарады.

Сальпиноофориттің созылмалы түріне өтуінде әлсіздік, делсалдық байқалады, іштің төменгі жағы сыздап ауырады, әлсін-әлсін күшейе түседі, етеккір циклі бұзылады /альгодисменорея, менометроррагия/, бедеулік дамиды, қуық пен ішектің қызметтері бұзылады.

Созылмалы сальпингоофорит ұзаққа созылады, салқын тиб, физикалық әлсіреу немесе қосымша аурулар /мысалы, жедел респираторлы инфекция/ әсерінен ауру жиі қозады.Аурудың қозуы аборт, босанудан кейін де байқалады.Жиі қозатын созылмалы сальпингоофориттің ұзаққа созылуында науқас ашуланшақ, жылағыш келеді, ұйқысы бұзылады.

Созылмалы сальпингоофориттің қозуында ауру белгісі күшейе түседі, дене қызуы көтеріледі, улану белгілері, әсіресе іріңді қабынуда пайда болады.Науқастың еңбекке бейімділігі төмендейді.

Анықтау жолдары: Диагноз қою клиникалық суреттемеге негізделеді.Аурудың себебі соз ауру екендігін білу үшін, анамнезінде немесе несеп жыныс аппаратының төменгі бөлігінің қабынуы бар болған жағдайлар, бұрын жатыр қосалқысының созылмалы қабынуының жиі қозуы, түтікше мен аналық бездің екі жақты қабынуы сияқты мәліметтерге сүйену керек.

Гинекология-зерттеу кезінде несеп жолының созды ауруы мен созды эндоцервициттің белгілерін анықтауға болады.Екі қолмен қынапты зерттеу кезінде, жедел сальпингоофорит жағдайында іш қабырғасының қатайып, қатты ауруына байланысты аналық без бен түтікшені сипалап анықтау қиынға түседі.Қынаптың артқы және бүйір күмбездерінің салбырауы байқалады.

Жедел құбылыс басылғанда екі жағынан үлкейген, ісіңген, жұмсақтау, ауыратын жатыр қосалқысы анықталынады.Ауру себебін анықтауға несеп жолы, мойын каналы,қынап бөлінділерін бактериоскопиялық зерттеу мүмкіндік береді.Созды плеьвиоперитонит.

Гонококтар түтікшенің шырышты қабатынан, оның фимбрии ұштары арқылы іш қуысына өтеді.Бұл жағдайда іш епрдесіне экссудативті қабыну процесі пайда болады.Жайылған созды перитонит сирек кездеседі, өйткені бұл этиологиялық іш пердесінің қабынуы продуктивтік құбылыстың жедел дамуымен, ішкі жыныс мүшесінің шарбымен /іш майы/, ішекпен жабысулары жедел пайда болады, ол қабыну процесін бөлектеп, оңашалайды.

Клиникалық суреттемесі: Жамбасты созды перитонит жедел дамиды, науқастың іші кебеді, үлкен дәреті кешігеді, кіші дәретке шығуы қиыңдайды, ден қызуы көтеріледі, қалтырайды, улану белгілері сепсисті пельвиоперитонитпен салыстырған жеңіл өтеді.

Обьективті: тамыр соғысы жиіленеді, тілі құрғайды, іші кебеді, қатайған, перкуссия және пальпация жасағанда іші өте қатты ауырады.Щеткин-Блюмберг белгісі өте «оң» болады.Гинекологиялық зерттеу кезінде несеп жолының, жатыр мойнының қабыну белгілері табылады, қынап күмбездерінің салбырауы байқалады,жатыр мойнының ығысуы қатты ауырады, жатыр және оның қосалқысының контурын табуға мүмкіндік болмайды.

Аурудың жедел кезеңі бір аптаға жуық созылады және жедел үсті түріне өтеді, ол тағы да 3-6 аптаға созылады. Осы тұста қайта қозуы мүмкін. Созды процесті анықтау анамнез, обьективті және лабораториялық зерттеулер мәліметтеріне негізделеді.

Жатыр қосалқысының қабыну ауруларының емі және белгілері.

Әйелдің несеп-жыныс жүйесінің төменгі бөлігінің соз ауруы.

Соз ауруы дегеніміз не және оның сипаттамасы.

Жатырдың қабыну ауруларының белгілері және емі.

Пікір қалдырыңыз