Альгодисменорея

  Гинекология

Бұл терминмен /альгоменорея, дисменорея/ ауырып өтетін етеккірді атайды. Ауыру белгісі етеккір басталмастан бұрын пайда болады және ол аяқталғанша дейін созылады. Кейде ауру өте күшті болады, жүрегі айнып, құсу белгілері де пайда болады, осының әсерінен еңбекке деген бейімділігі төмендейді.

Альгодисменорея көп жағдайда жалпы аурулар, орталық жүйке бұзылулары, инфантилизм, даму аномалиясы сияқты жағдайларда байқалады. Жатырдың иілуі, мойынша каналының тарылуы, тыртықты өзгерістер де альгоменореяға әкеліп соқтырады. Біріншілік және екіншілік болып екіге бөлінеді.

Біріншілік альгоменорея-іштен туа біткен органикалық аурулармен байланысты болса, ал екіншілік түрі бұрын ауырмайтын етеккірден кейін пайда болады.Екіншілік альгодисменорея қабыну процестері, эндометриоз, әйед жыныс мүшесінің ісіктерімен байланысты болуы мүмкін.

Емі: Альгодисменореяны туғызатын себептерді жою, қабынуға қарсы,хирургиялық, гормонды ем жасалады.Орталық жүйке жүйесі қызметінің бұзылуына байланысты тәулік режимін,тамақтану режимін сақтау,дене шынықтырумен айналысуды дұрыс ұйымдастырудың үлкен маңызы бар.Инфантилизм кезіңдегі етеккір ауруында жалпы нығайту емі, жылы процедура, гормонды ем жасалады.

Симптомды ем ауруды жеңілдетуге және жоюға арналуы тиіс.Аналгин, папаверин, НО-шпа, седативті заттар және түймедегі гүлдерінен жасалған жылы тұнбадан микроклизма жасалады.

Қан кетудің көбеюі және етеккірдің ұзаққа созылуы.

Әйелдерде кездесетін сыртқы жыныс мүшесінің қабыну аурулары.

Әйелдерде кездесетін Нейроэндокринді синдромдар.

Дисфункционалды жатырдан қан кету ановуляторрлық қабыну.

Пікір қалдырыңыз