Аналық бездің ісіктері

  Гинекология

Аналық бездің текаклеткалы ісігі (текома)-гранулезді-клеткалы ісікке қарағанда жиі кездеседі, сонымен қатар феминизм туғызатын гормонды активтілік тән. Ол аналық без пішінін қайталайды, үлкен емес өлшемді, ұстағанда қатты тиеді, кесіндіде солидты құрылысты, сарғыштау түсті, ісікте микроскопиялық текаклеткалар анықталынады. Текомалар жиі менопаузадан кейінгі кезеңде кездеседі. 1-5%-тік жағдайда ісіктің малигнизациясы байқалады.

Аналық бездің фибромасы текома құрылысты текаклеткадан тұрады, бірақ оған гормонды активтілік тән емес. Сирек жағдайда (1%-тік жағдайда) малигнизация береді. Аналық бездің пішінін қайталайды, әр түрлі өлшемді (көбіне диаметрі 10-12 см-ге дейін), өте қатты, кесіндіде талшық құрылысты ақ түсті болады.

Андробластома (арренобластома) аналық бездің маскулинизмді ісігіне жатады, андрогенді активтілік тән, тегіс, қоңыр ақшал түйінді, орташа диаметрі 10-12 см-ге тең келетін, жиі бір жақты болып келеді. Ісік ерлер жыныс безінің клеткасына ұқсайтын клеткадан тұрады. Жиі жас кезде (25-35 жас) кездеседі. Көп жағдайда қатерсіз ісікке жатады, кейде қатерлі түрлері де болады.

Жетілген тератома (дермоидты киста)-әр түрлі консистенциялы (қатайған бөліктері бар қатты эластикалық), дөңгелек не овал пішінді, жатырдың алдыңғы жағында орналасатын, бір жақты, орташа өлшемді (диаметрі-10-12 см) ісік болып табылады.

Кесіндіде тұкке, майға, сүйекке, шеміршекке толы қуыс болып келеді. 20-40 жас аралығында жиі кездеседі. Аналық бездің бар ісіктерінің 15%-ке жуығын құрайды және 1-1,5%-тік жағдайда малигнизация береді. Дисгерминома барлық жағдайда қатерлі. Жиі балалық шақта кездеседі. Ісіктің өлшемі әр түрлі, дөңгелек не кедір-бұдырлы пішіндес, көбіне бір жақты ісік, косистенциясы қатты не қатты-эластикалық болады.

Клиникалық суреттемесі: Аналық бездің ісіктері клиникалық белгісіз өтуі мүмкін. Кейде үлкен көлемді ісіктерде, көрші мүшелер қызметінің бұзылуы (қуық пен көтен ішек), ісіктің аяғына оралуында және оның қоректенуі бұзылғанда, оған сәйкес келетін белгілер (іштің төменгі жағы ауырады, кіші дәретпен үлкен дәретке шығу бұзылады) пайда болуы мүмкін.

Көпшілік ісіктердің әртүрлі деңгейде гормонды активтілігі болады, ол етеккір қызметінің бұзылуымен сипатталады. Өте жоғары гормон активтілігі жыныс тәжі стромасының ісігіне тән. Гранулезді және текаклеткалы ісіктер өте жоғары деңгейде эстроген бөледі, ол жатырдың пролиферативті процесін туғызады, ациклды жатырдан қан кетуге, ал менопаузадан кейінгі кезеңдерде қанды бөліндінің келуіне ықпал етеді.

Науқас көңіл-күйінің көтерілгендігін сезеді, екінші жастық шақ басталған күйге түседі. Маскулинді қасиеті бар арренобластомаға аменорея, емшек безінің кішіреюі, бетіне түктің өсіп кетуі, дауысының өзгеруі тән. Аналық бездің фибромасы жиі асцит және гидроторакс дамуымен өтеді.

Қыз балаларда аналық без ісігінің ішіндегі жиі кездесетіні жетілген тератома болып табылады. Қатерлі ісіктердің байқалуы да  мүмкін. Бұл ісіктер қыз баланың жыныстық дамуына әсер етеді. Феминизмді ісік кезінде мезгілінен бұрын жыныстық даму байқалады.

Дисгерминомада жыныс мүшесінің гипоплазтясы, екіншілік жыныс белгілерінің жетілмеуі, етеккірдің кеш басталуы байқалады. Арренобластомада жыныстық дамудың кешігуі мүмкін.

Анықтау жолдары. Диагноз қою анамнез, жалпы обьективтік және гинекологиялық тексерулер негізінде қойылады. Екі қолмен не ректоваинальды-көтеншек- қынап тексеруінің маңызы зор. Кіші жамбастағы жатырдың бүйірінде табылған ісіктің өөлшемін, орналасуына, консистенциясына, қозғалысына сәйкес аналық без ісігінің диагнозы қойылады.

Ісіктің түрі ішті жару және ісікті алу операциясынан кейін, жиі гистологиялық тексеруден кейін анықталынады.Аналық бездің ісіктерін жатыр, ішек ісіктерінен, ретенционды кистадан, жатыр қосалқысының қабыну процестерінен, бүйрек дистопиясынан айыру қажет.

Жатыр қуысын зонд арқылы тексеру, ультрадыбысты сканирование, лапароскопия тексеру әдісі, рентгеноконтрасты әдіс, қарын-ішек жолдарын және зәр шығару жүйесін тексеру әдістері диагнозды анықтауға көмектеседі.

Емі. Тек қана оперативті. Аналық бездің шын мәніндегі ісігін анықтау міндетті түрдегі хирургиялық шараны талап етеді.Операцияның көлемі ісіктің түріне байланысты. Зақымданған аналық без алынып тасталынады.

Малигнизацияға күмән туса жедел түрде ісікті гистологиялық тексеруден өткізіп, оперативті шараның көлемі шешіледі. Кей жағдайда мысалы, дермоидты кистада қыз балалар не жас әйелдерде аналық без резекциясымен шектеледі. Аналық бездің папиллярлы цистаденомасында (потенциальды қатерленудің жоғарғы дәрежесі) жатыр қосалқысымен қоса қынап үсті жатыр ампутациясын және іш шарбысына (майына) резекция жасалынады.

Алдын-алу. Алдын-алудың негізгі жағдайына жүйелі түрдегі дәрігерлік қарау жатады (жылына 2 рет). Қазіргі кезде аналық бездің қатерлі ісігінің даму қаупі бар топтар бекітілді, аналық бездің шын мәніндегі кез келген ісігі потенциальды қатерлі болып табылады.

Бұл топтағы науқастарға: Әйелдер консультациясында жатыр миомасымен, кіші жамбастың белгісіз ісіктерімен, жатыр қосалқысының созылмалы қабынуымен, етеккір қызметінің әр түрлі бұзылуларымен (етеккірдің кеш келуі, ерте менопауза) тіркеуде тұрған, репродуктивті қызметі төмендеген, бұрын басқа ісік ауруларымен (қарын, емшек безінің ісігі) ауырған науқастар жатады.

Шын мәніндегі ісіктерді мезгілінде анықтау және емдеу аналық без рагының алдын-алудың сенімді шараларының бірі. Әйел жыныс мүшесінің қатерсіз ісігі мен эндометриоз кезіңдегі еңбекке бейімділік экспертизасы. Қатерсіз ісік пен эндометриоз кезіңдегі еңбекке жарамсыздықтың себептеріне: қан кету, қан аздық, ісіктің некрозы жатады, оның ұзақтығы емнің түріне және тиімділігіне байланысты.

Қатерсіз ісік пен эндометриоздың оперативті еміне уақытша еңбекке жарамсыздық операция жасалған күннен бастап операция көлеміне, операциядан кейінгі асқынулардың барлығы не жоқтығына байланысты, 1,5-2 айға созылады. Еңбекке орналастырудың үлкен маңызы бар, қолайсыз еңбектің түрлері (ауыр физикалық жұмыс вибрация, улы заттармен жұмыс) еске алынып, 3 ай мерзімге жеңіл жұмысқа ауыстырылады.

Аналық бездің қатерсіз ісіктерінің қандай түрлері болады.

Әйел жыныс мүшелерінің рагы қанша түрге бөлінеді толық ақпарат.

Фолликулярлы киста анықтау жолдары және емі.

Жатыр денесі саркомасының негізгі белгісі және оның емі.

Пікір қалдырыңыз