Әйел аурулары жыныс мүшесінің ісік алдындағы аурулары

  Гинекология

Әйел жыныс мүшесінің қатерлі ісігінің дамуына әр түрлі патологиялық жағдайлар ықпал етеді.Ісік алдындағы ауруларды анықтау және оларды дер кезінде емдеу ісіктің алдын-алу шараларының бірі болып табылады. Ісік алдындағы ауруларды анықтау негізгі мүшелердегі морфологиялық өзгерістер болып табылады, бірақ диагноз қоюда клиникалық мәліметтер және патологиялық процестің даму динамикасы ескеріледі. Сыртқы жыныс мүшесінің және қынаптың, жатыр мойнының эндометрий және аналық бездің ісік алдындағы аурулары болып бөлінеді.

Сыртқы жыныс мүшесі мен қынаптың ісік алдындағы аурулары     

Сыртқы жыныс мүшесінің ісік алдындағы ауруларына вульваның тері, шырышты және тері асты май шел қабаттарының созылмалы дистрофиялық процестері-крауроз және лейкоплакия жатады. Бұл аурулар жиі постменопауза кезінде кездеседі және барлық гинекологиялық аурулардың 0,06%-тің құрайды.

Осы аурулардан 20-50% жағдайда қатерлі ісік дамиды. Крауроз және лейкоплакия аурулары орталық жүйке жүйесі жоғары бөлімдерінің жас шамасына сәйкес функциональды өзгерістеріне байланысты нейроэндокринді және зат алмасудың ауыр түрдегі бұзылуларына, гиппофиздің гонадотропты қызметін реттейтін гипоталамус структурасының жоғарғы қалыптағы қозуына

Вегетоневрозды реакциялардың пайда болуына қатысы бар орталықтар қызметіне негізделген. Бұл науқастарда бүйрек үсті қабығының қызметі әлсірейді, вульва тіндеріндегі кортикостероидты деңгейі төмендейді. Осының әсерінен вульва рецепторларының эндогенді гормонды әсерлерге деген реакциясы өзгереді.

Крауроз-үлкен және кіші жыныс еріндерінің, шошақайдың біртіндеп дамитын атрофиясы, ол сыртқы жыныс мүшесінің тері және шырышты қабаттарын патологиялық бүрісуге әкеліп соқтырады.

1-ші кезеңі-сыртқы жыныс мүшесі маңайының ісініп, қызарып, қышынуымен сипатталады. Үлкен және кіші жыныс еріндері ісініп көгерген.

2-ші кезеңінде атрофиялық өзгерістер күшейе түседі, үлкен және кіші жыныс еріндері тегістеліп, шошақай атрофияға ұшырайды, терісі ақшыл тартып құрғайды, қынапқа кірер жол тартылады.

3-ші кезеңде /склерозды/ сыртқы жыныс мүшеісінің толық атрофиясы және склерозды дамиды. Сыртқы жыныс ернінде түк болмайды, тері және шырышты қабаттары жұқарады, бозарып қорлана-көгереді /қыржымдалған пармагент бетіне ұқсайды/. Қынапқа кірер жер, несеп ағар каналының және көтеншектің тесіктері тарылады. Жыныс қатынасы және зәр шығаруы қиындайды.

Лейкоплакия-шырышты қабат бетіндегі сүт тәрізді ағарған дақ, эпителий гиперплазия мен эпителий асты тінінің инфильтрациясы. Ары қарай тін склерозы дамиды. Жалпақ, гипертрофиялы, сүйел тәрізді болып бөлінеді. Лейкоплакия даму деңгейіне қарай жоғарыда аталған үш түрге бөлінеді.

Лейкоплакия құрғақ ақ не көгеріп-ағарған қатпарлы табақша тәрізді шектелген бөліктерде немесе вульваның түгелдей бойына таралуы мүмкін. Вульва краурозы мен лейкоплакиясының бірігіп дамуы, малигнизациясы /қатерлі ісікке айналуы/ жөнінен қауіпті келеді.

Бұл аурулар клиникалық белгісіз өтеді және алдын-ала қарау кезінде анықталынады. Кейде крауроз ұзаққа, көп жылға созылады, түнде қинап қышытады, ол неврозды бұзылуларға, ұйқы мен еңбек қабілеттерінің төмендеуіне әкеледі. Қышыған жерлердің орнында кішкене жарықшалар, тілінулер, соңында вульва қабынуы пайда болады.

Диагноз клиникалық суреттеме негізінде қойылады. Қосымша зерттеу әдістерінен кольпоскопия, Шиллер сынағы /сыртқы жыныс мүшесін Люголь спиртті ерітіндісімен майлағанда, лейкоплакия бөліктері боялмайды/ қолданылады. Кольпоскопия кезіндегі іріктелген малигназацияға күдікті аймақтар биопсия және гистологиялық тексеруден өткізіледі.

Емі. Крауроз және лейкоплакия ұзаққа созылады. Оны емдеу дәрігер мен науқастан шыдамдылықты қажет етеді. Комплексті ем құрамына сыртқы жыныс мүшелерін жуу, диета, гормонды ем, ультрадыбысты, спиртті новокаин блокадасы, крио ем жатады, ал ем тиімсіз болған жағдайда вульвоэктомия жасалады.

Сыртқы жыныс мүшелерін гидрокарбонат натрий, түймедағы не календула тұнбасы қосылған қайнатылған сумен күніне бірнеше рет жуады. Перманганат калий, бор қышқылының ерітінділерімен жууға болмайды, өйткені олар тіндерді тітіркендіріп құрғатады. Жүнді синтетикалық іш киімдерді киюге болмайды, олар қышыманы күшейте түседі.

Диета-сүтті-өсімдікті, ащы тағамдар және ішімдіктер қолдануға болмайды. Эстроген және андроген гормондарымен /дипропионат эстродиолдың 0,1 %-1 мл ерітіндісін және пропионат тестостеронның 1%-1 мл ерітіндісін аптасына бір рет 5-7 апта көлемінде, бір шприцпен жібереді/ емдейді.

Осы гормондарды май, крем ретінде де қолданады, глюкокортикоид майларын /фторокорт, синалар, локакортен белгілейді. Сонымен қатар седативті және ұйықтатқыш дәрілерін береді. Қынаптың ісік алдындағы ауруларына лейко және эритроплакия жатады.

Қынап лейкоплакиясы көп қабатты жалпақ эпителийдің мүйізденуі, ағарған қатпарлы табақша, кейде папиллома тәрізді болады. Эритроплакияға бет қабатты эпителийдің мүйізденіп жұқаруы тән. Оның шекарасы анықталынған, беті жарқыраған, ашық-қызылды дақ, тигенде жеңіл қанайды.

Анықтауға биопсия қажет. Емдеу тәсілінен крио ем немесе хирургиялық шара қолданылады. Сыртқы және ішкі /қынап/ жыныс мүшелерінің ісік алдындағы аурулары бар әйелдер диспансерлік қадағалауда болады. Әйелдер консультациясына 3-6 айда 1 рет көрінулері тиіс.

Әйел жыныс мүшесінің қатерлі ісігінің түрлері.

Қатерсіз ісіктер мен әйел жыныс мүшесінің ісік тәрізді аурулары.

Жатыр мойнының ісік алдындағы аурулары және оның емі.

Әйелдерде кездесетін сыртқы жыныс мүшесінің қабыну аурулары.

Пікір қалдырыңыз