Әйел жыныс мүшелерінің рагы қаншаға бөлінеді

  Гинекология

Әйел жыныс мүшелерінің рагы 5 топқа бөлінеді:

1-ші топ-сыртқы жыныс мүшелері рагының дамуы мүмкін әйелдер /вульва краурозасы, лейкоплакиясы, вульва және қынап эритроплакиясы/.

2-ші топ-жатыр мойны рагының дамуы мүмкін қауіпті топ. Жатыр мойнының эктопиясы, эктропионды эрозиясы, эритроплакиясы, қайталанатын поипы, лейкоплакиясы және дисплазиясы бар әйелдер.

3-ші топ-жатыр денесі рагының дамуы мүмкін әйелдер тобы. Ауыр онкологиялық тұқым қуалаушылығы бар, нейроэндокринді-зат алмасу, овуляция бұзылулары, эндометрийдің гиперпластикалық процестері, жатыр миомасы, аналық бездің гормонды-белсенді ісігі бар әйелдер.

4-ші топ- аналық без рагының дамуы мүмкін әйелдер ауыр онкологиялық тұқым қуалаушылығы бар, аналық безге жасаған операциядан кейінгі, аналық бездің кистапсы бар, жатыр қосалқысының созылмалы қабынуы, жатырдың көп миомасы, аналық бездің дисфункциясы, аналық бездің қатерсіз ісігі бар әйелдер.

5-ші топ-/жатыр түтікшесі рагының дамуы мүмкін әйелдер жатыр қосалқысының қайталанатын созылмалы қабынуы бар әйелдер/.

Әйел жыныс мүшесінің рагының алдын-алуда әңгіме, лекция түрінде жүргізілген тазалық ағарту жұмыстарының маңызы зор. Бұл жұмыстарды жиі орта медицина қызметкерлері өткізеді. Босану процесін ұқыпты өткізу жатыр мойнының жарақатын, эктропион дамуының жиілігін төмендетеді.

Ісікке дейінгі аурулар немесе жыныс мүшесінің ісігі анықталынған әйелдер арнайы емханаларға тексерулерге және емделуге жіберіледі. Әйелдің жыныс мүшесінің қатерлі ісігіндегі еңбекке бейімділік экспертизасы. Қатерлі ісікте уақытқа еңбекке жарамсыздық науқасты тексеру кезеңінде диагнозды анықтау және бүкіл емдеу кезеңінде оперативті және консервативті қойылады.

Тиімді ем және оның қолайлығында уақытша еңбекке  жарамсыздық 4-6 айға созылады. Ол ВТЭК-дәрігерлік-еңбек экперттік комиссиясының шешімімен бекітіледі. Емханадан шыққаннан кейін науқас 6 ай көлемінде ауыр физикалық жұмыстан босатылады.

Емнің тиімсіздігінде асқынулар, ісіктің метастазы бар жағдайларда уақытша еңбекке жарамсыздық 4 айдан аспапауы қажет, онан кейін науқастың мүгедек тобын анықтауға ВТЭК-ке жіберіледі.   

Пікір қалдырыңыз